Ақпарат Жаңалықтар

Президент Конституциялық комиссия жетекшілерімен жұмыс кеңесін өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады.

Мемлекет басшысына Комиссияның жаңа Конституция жобасы бойынша бұған дейін атқарған жұмысы туралы мәлімет берілді.

Эльвира Әзімова халық қарауына ұсынылған жаңа Ата Заң жобасы жөнінде баяндады. Оның айтуынша, eGov және e-Otinish порталына жұртшылық тарапынан келіп түскен ой-пікірлер саны 4 мыңнан асқан. Азаматтар жобаны бүгінгі талап-тілектер мен қоғам мүддесіне сай келеді деп таниды. Саяси партиялар, республикалық және өңірлік қоғамдық ұйымдар жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді.

Президент Конституциялық комиссия жұмысы ашық форматта жалғаса беруге тиіс екенін атап өтті. Бұл азаматтардың талқылау барысынан хабардар болып, жоба мазмұнымен егжей-тегжейлі танысуына мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев сарапшылар мен қоғам өкілдері жолдаған ұсыныстардың барлығын жіті талдауды тапсырды.

Эльвира Әзімова Конституциялық комиссия мүшелері жаңа Конституция жобасының жекелеген баптары мен тармақтарын редакциялап жатқанын айтты. Комиссияның кезекті отырыстары ертең, яғни 7 ақпанда және келесі аптада өтеді.

t.me/aqorda_resmi

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫ ҮШІН 250-ДЕН АСТАМ ЖЕР УЧАСКЕСІ ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРЫЛДЫ

bastynews

Читатели тоже делают выбор

bastynews

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КЛИМАТЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КӨШЕТТЕРДІҢ ЖЕРСІНУІ 50 % -ДАН АСПАЙДЫ

Bastynews