Басты жаңалықтар Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: АТА ЗАҢ ЖОБАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын жариялады. Құжат елдің ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз етуге бағытталған және қоғамдық сұраныстар мен заманауи талаптарды ескере отырып әзірленген.

Жаңа Ата Заң жобасының орталық идеясы ретінде білім мен ғылымды, мәдениетті және инновацияларды дамыту айқындалған. Бұл бағыттар мемлекеттің тұрақты дамуы мен адами капиталды нығайтудың негізгі тіректері ретінде қарастырылған.

Сонымен қатар, құжатта цифрландыру маңызды мазмұндық бағыттардың бірі ретінде белгіленді. Алғаш рет азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғауға қатысты нақты конституциялық норма бекітіліп отыр. Бұл бастама цифрлық қауіпсіздікті арттыруға, жеке деректерді қорғауға және заманауи технологияларды қолдану барысында азаматтардың құқықтық кепілдіктерін күшейтуге бағытталған.

Жаңа Конституция жобасы құқықтық мемлекетті нығайтуға, қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді арттыруға және Қазақстанның жаһандық өзгерістерге бейімделуіне негіз болады деп күтілуде.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР АГРОӨНДІРІСТІК КЕШЕНДІ ДАМЫТУ ЖОБАСЫН СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА

bastynews

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУ ТӨЛҚҰЖАТЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

Bastynews

Мемлекет басшысы Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясында сөз сөйледі

bastynews