Ақпарат Қоғам

Түркістан облысында интернет алаяқтарға қарсы ауқымды профилактикалық іс-шаралар өтті

Түркістан облысында интернет алаяқтық қылмыстарының алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында кең ауқымды профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған жұмыстар Түркістан облысының прокуратурасы мен Түркістан облысы Полиция департаменті бастамасымен, «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында облыс аумағында бір мезетте өткізілді.

Профилактикалық шаралар барысында құқық қорғау органдарының өкілдері халық көп шоғырланған орындарды аралап, тұрғындармен тікелей түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, азаматтарға интернет алаяқтардың жиі қолданатын тәсілдері, жалған қоңыраулар мен хабарламалардың белгілері, күмәнді сілтемелерге өтпеу, жеке деректер мен банк карталарының реквизиттерін бөгде адамдарға бермеу жөнінде нақты әрі түсінікті ақпарат берілді.

Сонымен қатар, дүкендерде, сауда орталықтарында, көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістерінде, қоғамдық көлік аялдамаларында және банк ғимараттарында интернет алаяқтықтан сақтандыруға бағытталған ақпараттық жабыстырмалар орналастырылды. Бұл көрнекі материалдар тұрғындардың күнделікті өмірінде қауіпсіздік ережелерін есте сақтауына және алаяқтық әрекеттерін дер кезінде танып-білуіне ықпал етеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай профилактикалық іс-шаралардың негізгі мақсаты – интернет алаяқтық қылмыстарының алдын алу, азаматтардың мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамда заңға деген құрметті күшейту. Соңғы жылдары интернет арқылы жасалатын қылмыстардың саны артып отырғанын ескерсек, тұрғындардың сақтығы мен хабардарлығы аса маңызды фактор болып отыр.

Құқық қорғау органдары өкілдері тұрғындарды кез келген күмәнді жағдайларда бірден полицияға хабарлауға, ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және алаяқтық белгілерін байқаған жағдайда бейжай қалмауға шақырды. Бұл өз кезегінде қылмыстың алдын алуға және кінәлі тұлғаларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Аталған бағыттағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады. Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай шаралар тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттырумен қатар, «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда орнықтыруға елеулі үлес қосады.

Дереккөз: Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

АРХЕОЛОГИЯ ТАРИХ ПЕН БОЛАШАҚТЫ ЖАЛҒАЙТЫН УАҚЫТ ЖОЛСЕРІГІ

bastynews

Трикотажные носки теперь с Шымкента: новое производство открыло 260 рабочих мест

bastynews