Ақпарат Шоу-бизнес

Актер Мұрат Бисенбин 53 жасында өмірден өтті

Қазақстанның танымал актері, “Рэкетир” фильміндегі есте қаларлық рөлімен көрерменнің сүйіспеншілігіне бөленген Мұрат Бисенбин 53 жасында өмірден өтті. Қайғылы хабарды актердің қызы Диана Бисенбина 2026 жылдың 8 қаңтарында әлеуметтік желіде растады.

Мұрат Бисенбин 1972 жылы 11 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Бала кезінен өнер мен спортқа бейім болған ол алғашында инженер-механик мамандығын таңдаған. Алайда жүрек қалауымен шығармашылыққа бет бұрып, кино әлемінде өз орнын тапты.

Көрермен қауым оны “Рэкетир” фильміндегі Русланның бейнесі арқылы таныды. Бұл рөл оның актерлік шеберлігін айқын көрсетті. Кейін ол “Братья”, “13 клиническая”, “Амура”, “Зере”, “Ага”, “Квартира: Кошмар в Астане” секілді фильмдер мен сериалдарға түсіп, әр рөлін шынайылықпен сомдады.

2024 жылдың қыркүйегінде актерге ұйқы безі қатерлі ісігі диагнозы қойылған болатын. Соңғы жылдары ол ауыр дертпен күресіп, бірнеше рет ем қабылдады. 2025 жылы инсульт алып, жағдайы күрделене түсті. Соған қарамастан, өмірге деген құштарлығын жоғалтпай, отбасымен және өнерімен байланысын үзбеді.

Мұрат Бисенбин — тек кәсіби актер ғана емес, отбасына адал, қарапайым, адамгершілігі мол азамат еді. Артында жұбайы мен үш баласы — Валихан, Эмир және Диана қалды.

Оның әріптестері мен достары әлеуметтік желілерде актердің жарқын бейнесін еске алып, жылы лебіздерін білдіруде.

Bastynews.kz редакциясы Мұрат Бисенбиннің отбасына, туған-туыстарына және барша жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Топырағы торқа, иманы саламат болсын.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ АРЕНДАЛЫҚ ПӘТЕРЛЕРДІ ТЕКСЕРУ: 23 ПӘТЕР ӨЗ ЕРКІМЕН ҚАЙТАРЫЛДЫ

bastynews

АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРЕДІ

bastynews

ЖЕТІСАЙДА АРДАГЕРЛЕРМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫ ӨТТІ

bastynews