Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен этносаралық татулықты нығайту мақсатында Ащысай ауылында кездесу өтті.
Кездесуге Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Кентау қалалық филиалының басшысы Ашірбаев Бақытжан Шәкірұлы және Кентау қаласының құрметті азаматшасы Дәрибаева Бибі Еркінбекқызы, сондай-ақ ауыл жастары мен тұрғындары қатысты.
– Бүгін біз еліміздің бірлігі мен татулығын ерекше атап өтіп, тәуелсіздігіміздің нығаюы жолында атқарылған игі істерді, халқымыздың көпұлтты бірлігін дәріптеу үшін бас қосып отырмыз. Қазақстанның әрбір азаматының, оның ішінде жастарымыздың бейбітшілікті, келісім мен өзара құрметті сақтап, осы құндылықтарды болашақ ұрпаққа жеткізу жолында маңызды рөл атқаратынына сенім білдіремін. Бірлігіміздің арқасында ғана біз барлық қиындықтарды жеңіп, елімізді жаңа белестерге жеткізе аламыз, – деп Бақытжан Шәкірұлы Ащысай халқына ой бөлісті.
Өз кезегінде Бибі апай: – Бірлік пен татулық күні біз үшін ерекше мәнге ие. Ел тарихында бірліктің, татулықтың орны айрықша екені анық. Атамекенімізде әртүрлі ұлттар мен ұлыстар бейбіт өмір сүріп жатыр. Бұл – біздің күшіміздің, тәуелсіздігіміздің негізі, – деп атап өтті.
Кентау қалалық ішкі саясат бөлімі
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық