Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында біріңғай цифрлық платформаны енгізуге қатысты тапсырмасы айтылған болатын. Осы тапсырманы орындау мақсатында Түркістан облысында арнайы мәжіліс ұйымдастырылып, онда өңірлік басқару тиімділігін арттыру, қызмет көрсету сапасын жақсарту және цифрландыру аясында атқарылатын жұмыстар жан-жақты қаралды.
Мәжіліске облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, жиынды ашып, өткізді. Сондай-ақ, жиынға облыстың барлық салалық басқармаларының басшылары, тиісті бөлімдер мен қызметтердің мамандары шақырылды. Мәжіліс барысында цифрлық платформа енгізу процесінің қазіргі жағдайы мен жүзеге асырылған нақты шаралар туралы есеп тыңдалды.
Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде:
- өңірдегі әрбір саланың деректерін бір жүйеге біріктіру,
- процестерді автоматтандыру арқылы қызмет көрсету сапасын арттыру,
- халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашықтығын қамтамасыз ету,
- цифрлық технологиялар арқылы шешім қабылдау мен бақылауды жетілдіру,
сияқты міндеттердің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, әр басқарма басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, енгізілетін платформаның кезең-кезеңімен іске қосылуын қамтамасыз ету, техникалық және ұйымдастырушылық мәселелерді жедел шешу талап етілді.
Мәжіліс барысында әлеуметтік саладағы цифрландыру бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқа да негізгі салалардағы деректер базасын интеграциялау арқылы басқару тиімділігін арттыру жолдары талқыланды. Сонымен қатар, азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, өтініштерді өңдеу уақытын қысқарту, электронды құжат айналымын қамтамасыз ету және бақылау механизмдерін жетілдіру мәселелері де қаралды.
Айта кетейік, біріңғай цифрлық платформаны кезең-кезеңімен енгізу арқылы өңірлік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметтерге халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету және ашықтықты күшейту көзделіп отыр. Жаңа жүйе азаматтарға онлайн форматта қызмет алуға мүмкіндік береді, бюрократиялық кедергілерді азайтады және өңірдің дамуына серпін береді.
Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев мәжіліс қорытындысында барлық салалық басқармаларды атқарылған жұмыстарды сапалы әрі уақытылы жүзеге асыруға шақырып, әрбір мекемеге нақты тапсырмалар мен мерзімдерді белгіледі. Бұл шара Түркістан облысында цифрлық технологияларды енгізудің жүйелі түрде жүруін және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасының едәуір артуын қамтамасыз ететін маңызды қадам болып отыр.
