Қазақстандағы құқықтық мемлекет құру процесі әрбір азаматтың құқықтық мәдениетінің деңгейімен тығыз байланысты. Азаматтардың құқықтық сауаты жоғары болған сайын құқықтық нормалардың сақталуы мен құқықбұзушылықтың азаюы да қамтамасыз етіледі. Мемлекет бұл бағытта көптеген шаралар қабылдап, азаматтардың құқықтық санасын арттыру үшін жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.
Осы мақсатта, Түркістан облысының Сайрам ауданында «Қаржылық сауаттылықты арттыру және борышкерлерге құқықтық қолдау көрсету» жобасы аясында арнайы семинар-тренинг өткізілді. Іс-шараға жергілікті тұрғындар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қаржы мамандары мен заңгерлер қатысты.

Семинарда қаржылық және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түрлі тақырыптар талқыланды. Қатысушыларға жеке қаржыны басқару, борышкерлік мәселелерді шешу, қаржылық алаяқтықтан қорғану, сондай-ақ құқықтық нормаларды түсіну мен заңды құқықтарын қорғау туралы кеңестер берілді. Бұл шара азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мен қаржылық мәселелерді дұрыс шешу жолдарын көрсетуге зор ықпал етті.
Семинар-тренингтің негізгі мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәселелерді шешуге көмек көрсету және борышкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған ақпарат беру болды. Құқық қорғаушылар мен мамандар қатысушыларға заңды түрде өз құқықтарын қорғаудың әдістерін түсіндіріп, қаржылық қиындықтарды жеңуге көмектесетін нақты қадамдар ұсынды.
Бұл жоба Сайрам ауданында қоғамның құқықтық сауаттылығын арттыруға және қаржылық мәселелерді тиімді шешуге бағытталған маңызды бастама болды.