Өңірімізде қазіргі таңда 1782 тарихи-мәдени ескерткіш есепке алынып отыр. Дегенмен, олардың саны бұдан әлдеқайда көп екеніне күмән жоқ. Әлі де зерттеу жүргізілсе, жермен-жексен болып, жай ғана төмпешікке айналған көне қорғандар, қорымдар, топырақ астында жатқан құлпытастар сияқты сандаған ескерткіштердің табылары анық болары сөзсіз.
Тарихи-мәдени мұраларды насихаттау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу өте маңызды. Мысалы, Созақтағы Тарсатөбе мен Созақ қалашықтары, Шардарадағы Сүткент пен Жаушықұм қалашықтары, Қазығұрттағы Сынтас пен Тұрбат қалашықтары, Ордабасыдағы Жуантөбе, Қараспантөбе, Бөріжар қорымы, Мақтааралдағы Үтіртөбе, Келес ауданындағы Мыңтөбе мен Алқакөл, Сайрамдағы Ханқорған (Абылай хан ордасы), Төлебидегі Дәуіттөбе (Есім хан ордасы) сияқты тарихи орындардың маңыздылығын зерттеп, көпшілікке насихаттап отыру қажет.
Түркістан өңірінің тарихы мен табиғаты туризмді дамытуға мол мүмкіндік береді. Археологиялық ескерткіштердің едәуір бөлігі бүгінгі күні үйінді төбе күйінде жатыр. Мұндай нысандарға кешенді археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, мысалы, Ханқорған, Дәуіттөбе, Шойтөбе, Сынтас, Сүткент қалашықтарының орта ғасырдағы көрінісін қайта қалпына келтірсек, туризмнің дамуына жаңа жол ашылатыны анық.
Түркістан қаласы – Қазақстанның тарихи туризмінің орталығы. Қала халықаралық көлік магистралінің бойында орналасқан, теміржол және автокөлік жол қатынастары ретке келтірілген. Қаланың әлеуметтік-инфрақұрылымы туристерге сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді: заманауи қонақүйлер, ойын-сауық орталықтары, мәдени-тарихи ошақтар, драма театры, мейрамханалар, салтанат үйлері, аквапарк, спорттық демалыс орындары, базарлар мен супермаркеттер толықтай талапқа сай.
Бүгінде тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау мәселесі ерекше өзекті. Әрбір ескерткіш – халық тарихының бір парағы. Оларды есепке алу, қорғау және қалпына келтіру жұмыстарын жүйелі жүргізу арқылы ғана өңірдің мәдени мұрасын сақтап, келешек ұрпаққа аман жеткізуге болады.
Сонымен қатар, тарихи-мәдени мұраны насихаттау мен туризмді дамыту үшін өңірде келесі бағыттарға басымдық беру қажет:
- Археологиялық және сәулет ескерткіштерін кешенді зерттеу, толық деректер базасын құру;
- Қала мен ауылдық елді мекендердегі тарихи қалашықтар мен қорымдарды қалпына келтіру жобаларын іске асыру;
- Туристік инфрақұрылымды кеңейту: қонақүйлер, қонақүй-музейлер, сувенирлік базарлар, туристік ақпарат орталықтарын дамыту;
- Халық арасында тарихи-мәдени мұраны насихаттау, экскурсиялық және білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру;
- Халықаралық және республикалық деңгейде тарихи орындарды қорғау бойынша заңнаманы күшейту, туристік қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Осы бағыттарды іске асыру арқылы Түркістан облысы Қазақстанның тарихи-мәдени туризмінің айрықша орталығы ретінде танылып, туристерді тартуға және өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік алады. Түркістан тек тарихы мен мәдени мұрасымен емес, сонымен қатар заманауи инфрақұрылымымен де туристер үшін тартымды қалаға айналмақ.
