Ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕНДЕРДІҢ ҮЛЕСІ 90%-ДАН АСТЫ

Түркістан облысындағы тілдік ахуалды анықтау мақсатында арнайы әлеуметтік-зерттеу жүргізілді. Оған облыстың 3 қаласы мен 14 ауданының 18 жастан асқан тұрғындары қатысты. Жалпы 1000 адам қамтылған зерттеу нәтижесінде мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 90%-ды құрады. Халықтың жартысы мемлекеттік тілде еркін сөйлейді, яғни оны толық меңгерген. Сонымен қатар, респонденттердің 16%-і ағылшын тілін, 64%-і орыс тілін меңгергені анықталды. Үш тілді еркін меңгергендер – 12% болды.

Түркістан өңірі – халқы тығыз орналасқан және көп ұлтты аймақ. Соған қарамастан, облыс өзге өңірлермен салыстырғанда салт-дәстүрге берік, қазақи өңір саналады. Әлеуметтік зерттеулер жүргізудің өзектілігі – өңірдегі шынайы тіл ахуалын талдап, мемлекеттік тіл саясатын жоспарлы түрде жүзеге асыру қажеттілігін айқындау болып отыр. Бұл нәтижелер негізінде өңірде мемлекеттік тілдің дамуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстанда тұрып жатқан барлық этностың тілдерін сақтай отырып, оларды толық көлемде қолдануға мүмкіндік туындайды.

Жалпы тіл саясатын дамыту мақсатында Түркістан облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мысалы, облыстың мәдениет басқармасы ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының» 1-тармағына сәйкес әлеуметтік зерттеулер жүргізуде.

Облыс аумағында 17 аудандық және қалалық тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді. Онда 22 әдіскер, 33 қазақ тілі, 20 орыс тілі және 27 ағылшын тілі маманы қызмет атқарады. Аудан және қала әкімдіктерінің мәліметіне сәйкес, мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың жалпы үлесі 92%-ға жеткен.

Бұдан бөлек, облыста тілдік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қосымша іс-шаралар да жүзеге асырылуда:

  • Мемлекеттік тілде оқыту бағдарламалары мен тренингтер өткізу;
  • Мәдени іс-шаралар, семинарлар мен конкурстар арқылы тілге қызығушылықты арттыру;
  • Жастар арасында көптілділікті дамытуға арналған курстар ұйымдастыру;
  • Мектептер мен колледждерде қазақ тілін тереңдетіп оқыту бағдарламаларын енгізу;
  • Әлеуметтік желілер мен медиа арқылы тіл саясатын насихаттау.

Осы шаралар нәтижесінде Түркістан облысы мемлекеттік тілдің дамуы мен көптілділікті қалыптастыруда үлгі болып, болашақта Қазақстанның тілдік саясатының тиімді іске асуына үлес қосатын өңірге айналмақ.

Қатысты жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: «ВЕЧНАЯ ДРУЖБА — ПУТЕВОДНАЯ ЗВЕЗДА ДЛЯ НАШИХ НАРОДОВ»

bastynews

ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ КАК ПРИОРИТЕТ СТРАТЕГИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА

bastynews

АЩЫСАЙ АУЫЛЫНДА ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

bastynews