АРЫСТА БИЫЛ 20-ҒА ЖУЫҚ КӨШЕ АСФАЛЬТТАЛДЫ
Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев бүгін Мәдениет үйінде қала тұрғындарымен есепті кездесу өткізіп, биыл атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды таныстырды. Осыған дейін әкім 6 ауылдық округті аралап, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін жинаған болатын. Соның негізінде биылғы жылы қала мен ауылдарда бірқатар инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асқан.
Әсіресе жол құрылысы бағытында айтарлықтай ілгерілеу бар. Әкімнің айтуынша, жыл басында тұрғындар көтерген мәселелердің бір бөлігі қаржыландыру мүмкіндігіне қарай кезең-кезеңімен орындалып келеді. Мысалы, Тараз тұрғын ауданындағы жаңадан салынған «Келешек» мектебіне апаратын үш көше асфальтталып, оқушылар мен ата-аналар үшін жол қолайлы әрі қауіпсіз жағдайға келтірілді. Бұған қоса, Отырар тұрғын ауданындағы жаңа білім нысанына баратын көше де толық жөнделді.
Қалада ғана емес, ауылдық округтерде де инфрақұрылымдық жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Ақмұрзаев (Махалля) көшесіндегі бес тұйық көше асфальтталып жатыр. Жыл соңына дейін Қалау датқа (Мехколонна) шағын ауданындағы төрт көшеге де жаңа жол төселмек. Сондай-ақ Ақдала ауылдық округінде жол салынбаған үш көшеге және Қожатоғай ауылындағы екі көшеге асфальт төсеу жұмыстары жоспарланған.
Биыл жалпы есеппен қала мен ауылдық округтерде жиырмаға жуық көше асфальтталып, оннан астам көшеде жаяу жүргіншілер жолы салынды. Сонымен қатар, кіре берістегі Аркадан бастап қалаға дейінгі он шақырымдық жолға және қалаішілік төрт көшеге түнгі жарық шамдары орнатылды. Бұл шаралар тұрғындардың қауіпсіздігі мен қозғалыс қолайлылығын арттыруға бағытталған.
Қала ішінде жол қозғалысын реттеу және қауіпсіздікті күшейту мақсатында Ардагер, Елетов, Мақатаев көшелеріне жасанды жол кедергілері қойылды. Сондай-ақ «Арыс–Монтайтас» облыстық маңызы бар автожолы бойында орналасқан Аршабай, Қабылсай және Ақтас елді мекендерінің тұсына да кедергілер орнатылды. Бұл іс-шаралар апатты жағдайлардың алдын алу, көлік қозғалысының реттелуін қамтамасыз ету және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін сақтау үшін қолға алынған.
Кездесу барысында Қайсар Маңқараев жол құрылысы мен инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын әрі қарай да жалғастыру жоспарланғанын атап өтті. Оның айтуынша, қала бюджетінің мүмкіндігін ескере отырып, жол төсемелері мен жаяу жүргіншілер жолдарын дамыту – алдағы кезеңнің басты басымдықтарының бірі. Сонымен қатар, қала әкімдігі тұрғындардың ұсыныстарын ескере отырып, келесі жылдары жаңа көшелерді асфальттау, жарықтандыру және жол қауіпсіздігін арттыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді жоспарлап отыр.
Әкім тұрғындарға сапалы инфрақұрылым қалыптастыру арқылы қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, мектеп оқушылары мен жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету – негізгі мақсат екенін жеткізді.