Мәдениет

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОҚЫРМАН МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ІСКЕ АСУДА

Түркістан облысында оқырман мәдениетін қалыптастыру және дамытуға бағытталған бірқатар жобалар жүйелі түрде іске асырылуда. Соңғы жылдары өңір мектептерінде кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға ерекше мән беріліп, оқу мәдениетін дамытуға арналған шаралар кең көлемде жүргізілуде.

Облыстағы “Оқуға құштар мектеп” жобасы қарқынды жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаты – мектеп оқушыларының кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқуды күнделікті дағдыға айналдыру және оқырман мәдениетін қалыптастыру.

Жоба аясында мектеп кітапханалары заманауи және қызықты әдебиеттермен толықтырылып, оқушыларға арналған арнайы оқу алаңдары ұйымдастырылуда. Бүгінде облыста 70-ке жуық coworking-орталық, кітапханашылар клубы және оқырман жобалары жұмыс істеп тұр. Оқушылардың 80%-ы белсенді оқырман болып есептеледі.

Сонымен қатар, “Кел, балалар, оқылық!” клубы, “KITAPLIKE” оқырмандар тобы және “Кітаптарды жарнамалау” жобасы оқушылардың кітапқа деген ынтасын арттыруда маңызды рөл атқарады.

Мектептерде “Оқу сағаты” жобасы арқылы әр оқушы таңертеңгілік 20 минут кітап оқуға дағдылануда. Бұған қоса, “Кітапхана+Театр” жобасы, “Отбасымен бірге кітап оқимыз” марафоны, “Каникулда кітап оқимыз” іс-шаралары жүйелі түрде өткізіліп, оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етуде.

2021 жылдан бері облыста “KitapХАН@” атты авторлық оқу сайысы өткізіліп келеді. Бұл жоба пән мұғалімдері мен мектеп кітапханашылары арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Жобаның тәжірибесі республикалық деңгейде таралып, оқу процесінде инновациялық әдістерді қолдануға септігін тигізуде. Жоба ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасымен бірлесе жүзеге асырылуда.

Оқырман мәдениетін қолдауға арналған қосымша шаралар

Түркістан облысында оқырман мәдениетін дамыту бағытындағы жұмыстар тек мектеп оқушыларымен шектелмейді. Қалалық және ауылдық кітапханаларда “Оқу марафоны”, “Кітап апталығы”, “Жас оқырман шеберханасы” сияқты жобалар тұрақты түрде өткізіліп, жастар мен ересектердің де кітапқа деген қызығушылығын арттыру көзделген.

Сондай-ақ, кітап көрмелері, шығармашылық кездесулер мен авторлық лекциялар ұйымдастырылып, оқушыларға белгілі жазушылар мен әдебиеттанушылармен танысу мүмкіндігі беріледі. Бұл жобалар жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сыни ойлау мен тілдік мәдениетін жетілдіруге де ықпал етеді.

Түркістан облысындағы оқырман мәдениетін дамыту жобалары – бұл тек білім беру саласындағы жаңалық емес, сонымен қатар жастардың рухани дамуы мен тұлға қалыптастырудағы маңызды құрал. Жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқан жобалар оқушыларды кітап оқуға қызықтырып қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін, танымдық ойлау деңгейін және әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағытталған.

Қатысты жаңалықтар

КЕНТАУДА ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ ЖАЙЫНДА АЛҚАЛЫ КЕҢЕС ӨТТІ

bastynews

«ШЫМ ҚАЛА КЕШТЕРІ» АТТЫ КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

bastynews

ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙДЫҢ АГРОӨНДІРІСТІК ИННОВАЦИЯЛАРЫМЕН ТАНЫСЫП, ЖЫЛЫЖАЙ САЛАСЫН ЖАҢҒЫРТУ БАҒЫТТАРЫН ЗЕРДЕЛЕДІ

bastynews