Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ МІНДЕТТЕРДІ САРАЛАДЫ

Республика күні қарсаңында Түркістан қаласында Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті Пленумы өтті. Маңызды жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында айқындалған басым бағыттарды іске асыру барысы талқыланып, ұйымның алдағы кезеңге арналған жоспарлары айқындалды.

Пленум жұмысына облыстық басқарма басшылары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер қозғалысының белсенді мүшелері, аудандық және қалалық «Әкелер мектебінің» төрағалары, «Әжелер алқасының» төрайымдары қатысты. Жиын ардагерлер ұйымының өңірдегі қоғамдық келісімді нығайту, жастар тәрбиесі мен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызды рөлін тағы бір мәрте көрсетті.

Жиында Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов баяндама жасап, Президент Жолдауында көтерілген цифрландыру, жасанды интеллектті дамыту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және әлеуметтік әділеттілік қағидаттарының ардагерлер ұйымының күнделікті қызметімен тығыз байланысты екенін атап өтті. Оның айтуынша, ардагерлер – қоғамдағы сабақтастықтың алтын көпірі, ал Жолдаудағы міндеттерді халық арасында түсіндіруде олардың рөлі ерекше.

Сондай-ақ облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әбішов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестиция тарту, өндірісті өркендету бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Түркістан облысы прокурорының бірінші орынбасары Саян Келдібеков «Заң және тәртіп» қағидасын іске асырудың маңызын айта келе, құқықтық мәдениетті қалыптастыруда ардагерлер институтының ықпалы зор екенін жеткізді.

Пленум мүшесі Абдулла Ахметов, облыстық қоғамдық даму басқармасының міндетін атқарушы Болат Жанәбіл және өзге де баяндамашылар жастар тәрбиесі, партиялардың қоғамдағы рөлін арттыру, азаматтық белсенділікті күшейту, алдағы Парламент сайлауына дайындық барысы жөнінде пікір білдірді. Олар Жолдауда айқындалған басымдықтарды жүзеге асыруда қоғамның барлық буыны бірлесе әрекет етуі қажеттігін атап өтті.

Жиын барысында қатысушылар Мемлекет басшысының бастамаларын қолдай отырып, цифрлық сауаттылықты арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау, өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу бағытында ардагерлер кеңесінің атқарар жұмысы ауқымды екенін жеткізді.

Пленум қорытындысында ел ағалары тарапынан қоғамды игі істерге ұйыстырып, Президент Жолдауында жүктелген міндеттерді орындауға белсенді атсалысу, мемлекеттік саясатты халық арасында кеңінен түсіндіру жөнінде бірқатар нақты шешімдер қабылданды.

Қатысты жаңалықтар

Тұшпара етіне малдың мүйізі мен тұяғы қосылады. Не істеу керек?

Bastynews

ШЫМКЕНТТЕ СҮТТІ ІРІ ҚАРА КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

Bastynews

Жарылып кету қаупі жоғары смартфондар белгілі болды

Bastynews