Мәдениет

БӘЙДІБЕКТЕ АУДАНДЫҚ «АЛҒАБАС» ГАЗЕТІНІҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «ГАЗЕТ ТАРИХЫ — ЕЛ ТАРИХЫ» АТТЫ ШАРА ӨТТІ

Бәйдібекте аудандық «Алғабас» газетінің 90 жылдық мерейтойына арналған «Газет тарихы — ел тарихы» атты салтанатты іс-шара өтті. Жиынға аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиев, ауданның мәдениет, білім, ақпарат саласының жетекшілері, қоғам белсенділері, сондай-ақ баспасөз мен журналистика саласының ардагерлері қатысты.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиев құттықтау сөзінде «Алғабас» газетінің 90 жылдық шежіресі өңірдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани даму жолымен тығыз байланысты екенін атап өтті. Ол газеттің ұзақ жылдар бойы елдің қоғамдық пікірін қалыптастыруда, халыққа маңызды ақпарат жеткізуде және тарихи оқиғаларды қалдыруда ерекше миссия атқарғанын сөз етті. Сондай-ақ, аудандық басылымның шығармашылық ұжымына келешекте табысты жұмыс, шығармашылық жетістіктер мен жаңа жобаларды жүзеге асыруға сәттілік тіледі.

Мерекелік жиын барысында ел ағалары, мәдениет және ақпарат саласының танымал тұлғалары сөз алып, газет ұжымын мерейтойымен құттықтап, олардың еңбегін жоғары бағалады. Ардагер журналистер мен қоғам белсенділері газеттің өңірдің рухани-мәдени дамуына, қоғамдық хабардарлықты арттыруға және жастарды тәрбиелеуге қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Салтанатты іс-шараның көркін аудан өнерпаздары қыздыра түсіп, музыкалық және театралдық қойылымдар, көріністер арқылы мерейтой шырайын аша түсті. Концерттік бағдарлама барысында ауданның мәдени өміріне үлес қосқан шығармашылық ұжымдар мен жеке өнерпаздар өнер көрсетті.

Іс-шара соңында «Алғабас» газетінің өңірдің рухани-мәдени және ақпараттық дамуындағы орны ерекше екенін атап өтіп, газет ұжымы мен ардагерлерге құттықтау хаттар, алғыс грамоталар мен арнайы сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, газет қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен адалдығы, жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды жеткізудегі еңбегі жоғары бағаланды.

Аудандық басылымның 90 жылдық тарихы – тек газет тарихы емес, сонымен бірге ауданның, өңірдің және елдің тарихы, оның беттерінде маңызды әлеуметтік, мәдени, білім мен экономика саласындағы оқиғалар, тарихи жетістіктер мен қоғам дамуының маңызды кезеңдері жазылған. «Алғабас» газеті бүгінгі таңда да өз миссиясын сәтті атқарып, заманауи ақпараттық кеңістікте оқырмандардың сенімді әріптесіне айналып отыр.

Алдағы уақытта да газет ұжымы жаңа цифрлық форматтар мен заманауи технологияларды пайдалана отырып, оқырмандарға сапалы және өзекті ақпарат жеткізу, қоғамдағы тың бастамаларды насихаттау және өңірдің әлеуметтік-мәдени дамуына үлес қосу бағытында жұмысын жалғастыра береді.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ ЖӨНІНДЕГІ ІРІ ЖОБАЛАРДЫҢ АУҚЫМЫН КЕҢЕЙТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ШАРА ӨТТІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ АШЫЛДЫ

bastynews

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕГІС АЛҚАПТАРЫ ҰЛҒАЙЫП, ӨНІМДІЛІК АЙТАРЛЫҚТАЙ АРТТЫ

bastynews