Ақпарат

ТҮРКІСТАНДА ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА «ӨНЕРІ ӨРГЕ ШАЛҚЫҒАН ОРДА» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде ҚР Мемлекеттік Әнұранының авторы, Қазақстанның Халық әртісі, Еңбек Ері Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған салтанатты шара жоғары деңгейде өтті. Басқосуға облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Серікұлы, өнер және мәдениет саласының өкілдері, зиялы қауым мүшелері, жас композиторлар мен шығармашылық қауым қатысты.

Кездесу барысында қазақ өнерінің кемел тұлғасы Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық мұрасына арналған «Өнері өрге шалқыған орда» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті. Кітапта Шәмші Қалдаяқовтың өмір жолы, музыкалық мұрасы, халық әндерін дәріптеудегі рөлі және өнер ордасының қалыптасуына қосқан елеулі үлесі жан-жақты қамтылған. Тұсаукесер кезінде кітап мазмұны таныстырылып, оның рухани және мәдени маңызы ерекше атап өтілді.

Сондай – ақ, Облыстық мәдениет басқармасы басшысының сөзінде Шәмші Қалдаяқовтың қазақ музыка өнеріне қосқан өлшеусіз үлесі, оның шығармаларының әрбір ұрпақ үшін тәрбиелік мәні ерекше екендігі айтылды. Сонымен қатар, деректі фильм режиссері Ахмет Мүсілімұлына «Шәмші Қалдаяқов» атындағы мерекелік медаль табысталды. Бұл – композитордың шығармашылық мұрасын насихаттауға қосқан үлесі мен еңбегін бағалаудың айқын көрінісі болды.

Шара барысында Қазақстанның танымал әртістері мен жас таланттар Шәмші Қалдаяқовтың әндерін орындап, көрермендерді еліктірерлік өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Көрсетілімде композитордың «Әнұран», «Атамекен», «Қазақ елінің жастары» сияқты халық жүрегінде орын алған әндері орындалды, бұл шараға қатысушылардың рухын көтеріп, музыкалық мерекеге айналды.

Айта кетейік, Шәмші Қалдаяқов апталығының қорытынды гала-концерті 24 желтоқсан күні «Конгресс холл» кешенінде өтеді. Онда Қазақстанның әр өңірінен келген өнер ұжымдары мен атақты әртістер шығармашылық бағдарламамен өнер көрсетіп, композитордың рухын жаңғыртатын болады. Бұл іс-шара жас ұрпаққа ұлттық музыка мұрасын насихаттап, Шәмші Қалдаяқов шығармашылығын дәріптеудің маңызды алаңы ретінде жоғары бағаланады.

Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған іс-шара – қазақ өнерінің мәңгілікке ұлықталатынын, композитордың шығармаларының әрдайым жүректерде сақталатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Қатысты жаңалықтар

М.ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕРІ

bastynews

Асуан Сиябеков: АЭС дегеніміз – электр энергиясын алу

bastynews

Сильные дожди прогнозируются в Казахстане в ближайшие дни

bastynews