Ақпарат Жаңалықтар

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ МЕН КИБЕРҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ МІНДЕТ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында атап өткендей, киберқылмыстардың алдын алуға мүмкіндік беретін заманауи, интеллектуалды жүйе құру қажет. Бұл ретте қажеттілігіне қарай тиісті заңнамаға өзгерістер енгізу және құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру міндеті тұр.

Сондай-ақ Президенттің айтуынша, Ұлттық банктің инвестициялық корпорациясы негізінде цифрлық активтердің мемлекеттік қорын құру маңызды. Аталған құрылым жаңа цифрлық қаржы жүйесінде болашағы зор активтерден тұратын стратегиялық крипторезервті жинақтайтын болады.

Мемлекет басшысы жоғары технологиялық салаларға бір миллиард долларға дейін инвестиция тартуға бағытталған арнайы бағдарламаны әзірлеуді тапсырды. Бұл жұмысты Үкімет Ұлттық банкпен бірлесе атқаруы тиіс.

Сонымен қатар, Екінші деңгейлі банктердің нақты секторға қаржы салуда белсенділік таныту қажеттігі де айтылды. Бұл мәселе қоғамда бұрыннан қызу талқыланып келеді. Сондықтан аталған жұмысты созбай қолға алу маңызды.

Президенттің Жолдауында атап өтілгендей, Қазақстандағы банктердің активтері мен қаражаты дамыған мемлекеттермен салыстырғанда орта есеппен бірнеше есе жоғары пайда әкелуде.

Жолдау2025 #ҚаржыЖүйесі #ЦифрлықЭкономика #Киберқауіпсіздік #Инвестиция #ҰлттықБанк #Қазақстан

Қатысты жаңалықтар

ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ӨҢІРЛІК БІЛІМ БАСШЫЛАРЫНА ЖҮКТЕЛЕТІН НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРДІ АТАДЫ

bastynews

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде?

bastynews

Жаңару мен дамуға бағыт береді

Bastynews