Ақпарат

ТҮЛКІБАС: АУЫЛДЫҚ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан облысының Түлкібас ауданында тұрғындарды сапалы және үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. 2025 жылдың алғашқы айларынан бастап Жабағылы және Машат елді мекендерінің ескірген су жүйелері толық қайта жаңартылып, қалған 28 ауылда ағымдағы жөндеу жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары Майтөбе, Ақбиік, Құлан, Керейіт, М.Жәрімбетов, Қабанбай, Күмісбастау, Келтемашат, Қараағашты, Шұқырбұлақ, Жанұзақ және Азаттық ауылдарында толық аяқталды. Ал Жыланды, Жиынбай, Күмісбастау, Састөбе, Қызылбастау, Көктерек, Еңбекші, Амангелді, Пістелі, Көкбұлақ, Даубаба, Тастұмсық, Разьезд-114, Жаскешу елді мекендерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр және жыл соңына дейін толық аяқталуы жоспарланған.

Аудан әкімі Асқар Естібаев және аудандық мәслихат төрағасы Серғали Сәрсенбаев жұмыс барысын өз көзімен көріп, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, Азаттық ауылында су қысымын көтеру мәселесі пысықталса, Тастұмсық, Жыланды және Көкбұлақ ауылдарында ұңғымаларды тазалау, су жинайтын мұнараларды қоршау және талапқа сай ету жұмыстарын сапалы әрі жылдам аяқтау міндеттелді.

Жаңарту жұмыстары заманауи стандарттарға сай жүргізілуде. Су құбырлары мен тозған жабдықтар ауыстырылып, резервуарлар тазаланып, қысым реттеліп, автоматтандырылған бақылау жүйелері орнатылуда. Бұл тек ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсартып қана қоймай, тұрғындардың санитарлық-гигиеналық жағдайын арттыруға, су ресурстарын тиімді пайдалануға және табиғи апат немесе төтенше жағдай кезінде сенімді қорғаныс қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жобалар әлеуметтік-экономикалық мәнге ие. Су жүйесінің жаңартылуы ауылдық инфрақұрылымды жақсартып қана қоймай, жергілікті халыққа тұрақты жұмыс орындарын ашуға, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға және балалар мен жастардың денсаулығы мен дамуына оң ықпал етеді.

Жобаның толық жүзеге асырылуы нәтижесінде Түлкібас ауданының барлық 30 ауылы сапалы және сенімді ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Бұл тұрғындардың денсаулығын сақтау, тұрмыс жағдайын жақсарту, сондай-ақ ауылдық аймақтарды заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып отыр.

Аудандық деңгейде жүргізіліп жатқан жұмыстар — Түркістан облысындағы әлеуметтік маңызды жобалардың бірі. Олар келешекте тұрғындардың тұрақты тұрмысын қамтамасыз етіп, ауданның

Қатысты жаңалықтар

АКИМ ГОРОДА ПРОВЁЛ ВЫЕЗДНУЮ ВСТРЕЧУ С ЖИТЕЛЯМИ ЕНБЕКШИНСКОГО РАЙОНА

bastynews

ОТЫРАРДА АРДАГЕРЛЕР ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ ЖАЙЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ SMART CITY ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ МЕН ӘУЕЖАЙ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ДАМУДА

bastynews