«ОТБАСЫ. ТӘРБИЕ. ҚОҒАМ» ТАҚЫРЫБЫНДА АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
🔹Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиын отбасы құндылықтарын дәріптеуге, жас ұрпақ тәрбиесіне және қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталды.

🔹 ҚХА-ның 30 жылдығына орай көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастыру мәселесі қаралды. Бұл бағытта Аналар кеңесі төрайымы Гүлжан Сүгірбаева сөз сөйледі.
🔹 Сондай-ақ, Халықаралық «Отбасы күні» мерекесін өткізу жайы талқыланып, отбасының қоғамдағы орны ерекше екені атап өтілді.
🔹 «Салауатты сана» жобасын қайта іске қосу бойынша нақты ұсыныстар айтылып, жастар арасында кездесулерді жоғарғы және орта оқу орындарында, жалпы білім беретін мектептерде жүйелі түрде өткізу жоспарланды. Бұл мәселе бойынша «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Ұлжан Айтубаева баяндама жасады.
🔹 Сонымен қатар, ҚХА-ның XXXIV сессиясы аясында Аналар кеңесінің бастамасымен «Азамат тәрбиелеген отбасы», «Алтын шаңырақ», «Күміс кереге» сынды номинациялар, «Ел анасы» құрметті атағы мен «Аялы алақан» алқасы номинацияларының тұжырымдамалары талқыланды.
Отырыс соңында қатысушылар қоғамдағы өзекті мәселелерді ортаға салып, ортақ пікір алмасты.
Қоғамдық келісім баспасөз қызметі