Басты жаңалықтар

КЕЛЕШЕККЕ ҚАДАМ: КЕЛЕС АУДАНЫНДА 600 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Түркістан облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында білім саласын дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Келес ауданы, Абай ауылында 600 орындық жаңа мектеп ел игілігіне берілді. №65 жалпы білім беретін мектептің ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, ұстаздар мен оқушыларды құттықтады.

– «Бүгін Келес ауданында тағы бір қуанышты сәттің куәсі болып отырмыз. Баршаңызды заман талабына сай білім ордасының ашылуымен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Келешек мектеп» ұлттық жобасы – ел болашағына жасалған маңызды инвестиция. Бұл мектеп жас ұрпаққа сапалы білім мен кең мүмкіндіктер сыйлайтын оқу орны болады», – деді Нұралхан Көшеров.

Жаңа мектеп заманауи талаптарға сәйкес жабдықталған: спорт залы, мәдениет залы, асхана, коворкинг алаңдары, кітапхана, мәжіліс залы, арнайы пән кабинеттері мен шеберханалар қарастырылған. Сонымен қатар ашық футбол алаңы оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған, ал мультимедиялық кабинеттер мен заманауи лабораториялар оқушыларға тәжірибелік білім алуға мүмкіндік береді.

Облыс әкімінің айтуынша, «Келешек мектептері» жобасы аясында республикада 217 мектеп салынса, оның 29-ы Түркістан облысында бой көтерген. Өткен оқу жылында 13 мектеп пайдалануға берілсе, биылғы жылы 16 мектеп ел игілігіне берілмек. Келес ауданында жаңа мектеп – осы жобаның үшінші білім ошағы. Жобаның маңызды ерекшелігі – мектептің инфрақұрылымы оқушылар мен мұғалімдерге толықтай ыңғайлы етіп жасалған, сонымен қатар заманауи технологиялық шешімдер енгізілген.

Ата-аналар мен оқушылар ғимараттың кеңдігі мен заманауи көрінісіне ризашылықтарын білдіріп, білім сапасына үлкен сенім артты. Оқушылар жаңа мектепте сапалы білім алып қана қоймай, ұлттық рухта тәрбиеленіп, шығармашылық және ғылыми әлеуетін дамыта алады. Сонымен қатар, мектепте өткізілетін түрлі спорттық, мәдени және ғылыми іс-шаралар жас ұрпақтың жан-жақты дамуына ықпал етеді.

Мектептің ашылуы жергілікті қауымдастық үшін маңызды әлеуметтік бастама болып табылады: құрылыс кезеңінде және кейінгі жұмыс барысында жаңа жұмыс орындары ашылып, педагогикалық және техникалық кадрларды дамытуға мүмкіндік туады. Жаңа білім ошағы Келес ауданын білім беру саласында аймақтық хабқа айналдырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді.

Қатысты жаңалықтар

Ұлы Дала дүбірі5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары

bastynews

Қазақстан коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатыр – министр

Bastynews

ОРДАБАСЫЛЫҚ ШАРУА ЖЫЛЫЖАЙДАН 400 ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ АЛАДЫ

bastynews