Басты жаңалықтар

САУРАН АУДАНЫНДА 300-ГЕ ЖУЫҚ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ

Сауран ауданында мал шаруашылығын дамыту және өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін арттыру мақсатында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Бүгінде аудан аумағында заманауи бордақылау алаңдарын салу бойынша бірқатар инвестициялық жобалар іске қосылып жатыр.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ауыл шаруашылығы саласына инвестиция салуға ниетті ресми инвесторлармен кездесу барысында Ескі Иқан ауылдық округінде құрылысы жүріп жатқан бордақылау кешенін таныстырды. Бұл кешен 15 мың бас ірі қараны бордақылауға арналған 30 алаңнан тұрады. Жобаның мақсаты – ауданның мал шаруашылығы инфрақұрылымын жаңа заманауи деңгейге көтеру, өндіріс тиімділігін арттыру және малдың сапалы өнім алуын қамтамасыз ету.

Алдағы уақытта аталған аумақта 10 мың бас ірі қараға арналған 20 жаңа қора салу жоспарланған. Бұл шара ауданның өндірістік қуатын едәуір арттырып, жергілікті фермерлер мен шаруашылықтардың табысын көбейтеді. Сонымен қатар, жаңа бордақылау алаңдары арқылы малдың денсаулығы мен өнімділігін бақылау тиімді жүзеге асады.

Қазіргі таңда Сауран ауданына қарасты 12 ауылдық округтің аумағынан жалпы көлемі 185 гектар жер телімі бөлінген, ал 2026-2027 жылдар аралығында жалпы 292 мал бордақылау алаңының құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. Жобаның ерекшелігі – инфрақұрылым мен қызметтерді бір орталыққа шоғырландыру арқылы жұмыс тиімділігін арттыру, өндіріс шығындарын азайту және мал өнімдерінің сапасын жоғарылату.

Бордақылау кешендері заманауи талаптарға сай технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етіліп, автоматтандырылған жем беру, суару, вентиляция және санитарлық бақылау жүйелерімен жабдықталады. Мұндай кешендер малдың денсаулығын бақылау, азықтандыру және өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жобаның әлеуметтік мәні де зор. Аудан тұрғындарына тұрақты жұмыс орындары ашылып, жаңа кәсіптік дағдылар үйретіледі. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен сату бағытында қосымша кәсіпкерлік мүмкіндіктер пайда болады. Жобаның іске асырылуы нәтижесінде аудандағы мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі едәуір артатыны, ет пен сүт өнімдерінің сапасы жақсаратыны және өңір экономикасына тұрақты кіріс түсетіні күтілуде.

Аудан әкімдігі мен жергілікті басқару органдары жобаның сапалы әрі уақытылы жүзеге асырылуын қатаң бақылауға алып, инвесторлармен бірлесіп барлық қажетті қолдауларды көрсетуді жалғастырады. Алдағы жылдары Сауран ауданы мал бордақылау инфрақұрылымын кеңейту арқылы агроөнеркәсіптік саланы дамытудың ел көлеміндегі үлгісіне айналады деп жоспарлануда.

Қатысты жаңалықтар

Әбдіжаппар Әлқожа теріс қылығы үшін жұрттан сөз естіді (видео)

Bastynews

Президент Қостанай өңірінің ауыл шаруашылығы әлеуетімен танысты

bastynews

ПРЕОБРАЗОВАНИЕ ВОЕННО-ПАТРИОТИЧЕСКОГО ОБРАЗОВАТЕЛЬНОГО ПОЛЯ: ОТКРЫТИЕ НОВОГО ВОЕННОГО КОЛЛЕДЖА В ШЫМКЕНТЕ

bastynews