Түркістан облысында соңғы кезеңде сұйытылған газ жеткізіліміне байланысты қалыптасқан жағдайды тұрақтандыру мақсатында облыс әкімінің тапсырмасы негізінде Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бірқатар нақты шараларды қолға алды. Бұл жұмыстар тұрғындардың сұйытылған газға деген қажеттілігін уақытылы және сапалы қамтамасыз етуге бағытталған.
▪️ Аудандық әкімдіктер мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдеріне нақты тапсырмалар берілді:
- алыпсатарлық әрекеттердің алдын алу және сұйытылған газ бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу;
- газ өндіруші зауыттармен жеткізілімді қатаң бақылау, уақытылы жөнелтілуін қамтамасыз ету;
- теміржол тасымалдаушылары мен логистикалық компаниялармен келісімшарттарды үйлестіріп, вагондарды дер кезінде жеткізу;
- газ сақтау қоймаларында қоры жеткілікті болуын қадағалау.
Жағдайды тұрақтандыру мақсатында құқық қорғау органдары тартылып, алыпсатарлық пен нарыққа жасалатын заңсыз әрекеттерге жедел шара қолдану ұйымдастырылды.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы сұйытылған газ нарығындағы ахуалды тұрақты бақылауда ұстап, облыс аумағында тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қосымша шараларды іске асыруда:
- резервтік жеткізу бағыттарын белгілеу және қажет болған жағдайда қосымша вагондар мен транспортты тарту;
- тұрғындарға сұйытылған газды әділ бағамен жеткізу үшін мониторинг жүйесін күшейту;
- ақпараттық штаб арқылы аудан әкімдіктерін, кәсіпкерлер мен тұрғындарды ахуал жөнінде тұрақты хабардар ету;
- газ қолдану мен тұтынуды тиімді басқару бойынша кеңестер беру және қоғамдық бақылауды күшейту.
▪️ Осы шаралардың нәтижесінде облыста сұйытылған газға қажеттілік тұрақтандырылып, тұрғындарға газды тұрақты жеткізу қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы өңірдегі газ нарығын әрі қарай қадағалап, кез келген келеңсіздіктің алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
▪️ Түркістан облысы әкімдігі тұрғындарды сабырлы болуға шақырып, газ пайдалану ережелерін сақтауды және тек ресми жеткізушілерден ғана өнім алу керектігін ескертті. Бұл шаралар тұрғындардың қауіпсіздігі мен әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін маңызды болып табылады.
