Ақпарат

QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ:
«ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласында тұрғындар пікірі мен ұсыныстарын тікелей қабылдауға бағытталған жаңа жоба іске қосылды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің бастамасымен жүзеге асқан «Шымкентті дамытуға халықтың үлесі» жобасы шаһар тұрғындарына қаланың өркендеуіне қатысты өз ойларын еркін әрі оңай жеткізуге мүмкіндік береді.

Әкімнің халықпен тұрақты кездесулері мен шаһарды аралауы барысында азаматтардан қала инфрақұрылымына, қоғамдық кеңістіктерге, әлеуметтік мәселелерге қатысты көптеген ұсыныстар түседі. Енді бұл пікірлер арнайы цифрлық жүйе арқылы жедел қабылданатын болады.

Жоба аясында алдағы уақытта қоғамдық орындарда, мекемелерде, аялдамалар мен автобустарда арнайы QR-кодтар орнатылады. Кодты сканерлеген кез келген тұрғын қала дамуына қатысты өз ұсынысын онлайн түрде жолдай алады. Бұл — тұрғындар үшін қарапайым әрі қолжетімді кері байланыс форматы.

Қала әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы бұл бастаманың басты мақсаты — әрбір азаматқа Шымкенттің дамуына үлес қосуға мүмкіндік беру екенін атап өтті. Тұрғындардан келіп түскен барлық ұсыныстар мұқият сараланып, ең өзекті әрі қала үшін тиімді бастамалар бойынша нақты шешімдер қабылданады.

Жоба — әкімдік пен тұрғындар арасындағы ашық диалогты күшейтетін, қала басқару ісіне қоғамның тікелей қатысуын қамтамасыз ететін маңызды қадам. Бұл бастама арқылы тұрғындардың қала өміріне белсене араласуына жол ашылып, Шымкенттің дамуына қатысты ортақ жауапкершілік нығая түседі.

Қатысты жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы саласындағы ахуал тұрақты

bastynews

1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ МЕКТЕПТЕРІНДЕ «АДАЛ АЗАМАТ» БІРЫҢҒАЙ ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ ЕНГІЗІЛЕДІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ SMART CITY ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ МЕН ӘУЕЖАЙ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ДАМУДА

bastynews