🔹Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған Грек мәдениеті фестивалі өтті. Мерекелік шараны Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Ирини» грек этномәдени бірлестігі мен А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапхана бірлесе ұйымдастырды.
🔹Фестивальдің негізгі мақсаты – қоғамдағы толеранттылық пен өзара құрмет қағидаттарын дәріптеу, этностар арасындағы достық пен келісімді нығайту, сондай-ақ түрлі мәдениеттер арқылы халықтың бірлігін арттыру.
🔹Іс-шараға Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Жалмұрзаев Батырбек, қала тұрғындары, зиялы қауым өкілдері және этномәдени бірлестіктер мүшелері қатысты.

🔹Фестивальдің ашылуында сөз сөйлеген Жалмұрзаев Батырбек қатысушыларды мерекемен құттықтап, Қазақстан халқы Ассамблеясының ел ішіндегі татулық пен бірлікті нығайтудағы маңызды рөліне тоқталды. Сондай-ақ грек этномәдени бірлестігінің мәдени байланыстар мен өзара түсіністікті арттыру бағытындағы белсенді еңбегін атап өтті.

🔹Кеш барысында көрермендерге мәдени бағдарлама ұсынылды. Лебедева Ариадна мен Сотириади Мария грек тілінде өлеңдер оқып, Кириакиди Елена ұлттық нақыштағы әуендерімен көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Қазақтың ұлттық биін орындаған «Құлыншақ» би тобы сахна сәнін келтірсе, Эбубакир Тамерлан мен Жұмағали Зере қазақ тілінде әсерлі өлең жолдарын оқыды. Сондай-ақ Коробейникова Ольга «Хасапико» биін билеп, ал Муратиди София Абай Құнанбаевтың өлеңін грек тілінде орындады. Фестиваль соңында Кусис Хрисула ұлттық «Зейбекико» биін биледі
Қоғамдық келісім баспасөз қызметі