2025–2026 жаңа оқу жылы Шымкент қаласында ауқымды көрсеткіштермен басталды. Білім беру ұйымдарына 397 мыңнан астам оқушы тіркелді, оның ішінде 28 мыңға жуық бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр. Жалпы, қалада 1352 білім беру мекемесі жұмыс істейді, бұл көрсеткіш Шымкент қаласының білім инфрақұрылымының тұрақты даму үстінде екенін айғақтайды.
Білім беру сапасын арттыруда «Келешек мектебі» ұлттық жобасының маңызы ерекше. Аталған жоба аясында Шымкентте қазіргі таңда 12 жаңа үлгідегі мектеп ашылды. Бұл мектептер оқу ортасын халықаралық стандарттарға сай трансформациялап, оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған.
Оқыту мазмұны learner-centered approach, competency-based education және inquiry-based learning секілді заманауи әдістемелік платформаларға негізделіп құрылуда. Әсіресе, халықаралық NXplorers бағдарламасының жүйелі түрде енгізілуі ерекше мәнге ие. Shell компаниясы әзірлеген бұл әдістеме оқушылардың systems thinking, scenario planning және problem-solving қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Шымкенттегі «Келешек мектептерінде» NXplorers әдістемесінің құралдарын меңгерген педагогтер мен арнайы сертификатталған тренерлер жетекшілігімен оқушыларда critical thinking, creative inquiry және collaborative learning дағдылары қалыптастырылуда. Бұл бастама – білім беру процесін тереңдетіп, оқушылардың жаһандық құзыреттерін дамытуға бағытталған кешенді жұмыс үлгісі.
Бағдарлама негізінде оқушылар нақты өмірлік проблемаларды талдау, болжам жасау және баламалы шешімдерді ұсыну арқылы design thinking тәсілін игеруде. Сонымен қатар, project-based learning элементтері арқылы оқушылардың практикалық зерттеу машықтары мен әлеуметтік жауапкершілік сезімі қалыптасып келеді.
Білім беру ортасының материалдық-техникалық жабдықталуы да халықаралық талаптарға сай жаңартылуда. Мектептерде STEM-labs, makerspace, digital media zones және collaborative zones сынды креативті кеңістіктер құрылып, білім алушылардың өз бетімен ізденуіне мүмкіндік жасалуда.
Шымкент қаласы білім басқармасының стратегиялық бастамалары нәтижесінде білім сапасы көрсеткіштері тұрақты өсім көрсетіп келеді. Мұғалімдердің кәсіби даму бағытында continuous professional development (CPD), e-learning platforms, teacher mentoring бағдарламалары жүйелі іске асырылуда. Бұл өз кезегінде мұғалімдердің педагогикалық инновацияларды тиімді қолдануына ықпал етуде.
Жалпы алғанда, Шымкенттегі «Келешек мектептері» – оқушының тұлғалық және зияткерлік дамуына бағытталған жаңа буын білім беру ұйымдарының үлгісі. Мұнда білім – тек ақпарат беру құралы емес, тұлғаның өзін-өзі дамытуының және қоғамға пайдалы болу қабілетінің негізі ретінде қарастырылады.
