Соңғы жаңалықтар

Ж.АЙМАУЫТОВ АТЫНДАҒЫ №64 МЕКТЕП‑ГИМНАЗИЯДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ‑ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ж. Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназияда педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету қызметінің кеңейтілген отырысы өтті. Бұл басқосудың негізгі мақсаты — ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жүргізілетін жұмысты жүйелеу, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және білім беру процесіне қатысушы барлық тараптардың (педагогтер, ата-аналар, қоғам) тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету болды.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің ағымдағы жылғы нормативтік-құқықтық құжатына сәйкес, білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидалары талданды. Сонымен қатар, педагогикалық ұжыммен бірге ППҚК құрамын жаңарту, құрылымдық ұйымдастырылуын жетілдіру мәселелері қарастырылып, әр маманның кәсіби рөлі нақты айқындалды.

Күн тәртібінің аясында ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылармен жұмыс жүргізу бойынша педагогтер мен ата-аналар арасындағы өзара байланысты күшейтудің тиімді тетіктері талқыланды. Бұл бағытта әлемдік білім беру тәжірибесінде қолданылатын «interdisciplinary collaboration», «individualized education plans», «inclusive practices», «stakeholder communication strategies» секілді әдістемелік тәсілдерге ерекше назар аударылды. Отырыс қатысушылары оқушылардың психоэмоционалдық және когнитивтік ерекшеліктерін ескере отырып, оқу тапсырмаларын бейімдеу, оқыту траекторияларын даралау, педагогикалық-психологиялық қолдауды сапалы ұйымдастыру жолдарын саралады.

Педагог-дефектологтар мен педагог-логопедтердің ағымдағы оқу жылындағы қызметі қорытындыланып, олардың кәсіби дамуын жетілдіруге арналған бағыттар белгіленді. Сонымен қатар келесі оқу жылына арналған стратегиялық жоспар жобаланып, білім беру кеңістігінде инклюзивті орта қалыптастыру жолдары нақты ұсыныстар арқылы бекітілді.

Отырыс қорытындысында мектеп-гимназия директоры, ППҚК төрайымы білім беру ұйымының инклюзивті мәдениетін қалыптастыруда педагогтердің, ата-аналардың және қоғам өкілдерінің ортақ жауапкершілігі мен өзара ынтымақтастығы аса маңызды екенін атап өтті. ППҚК үйлестірушісі қызмет барысында жинақталған тәжірибе мен ғылыми-тәжірибелік ұсынымдарды негізге ала отырып, келесі оқу жылында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға арналған қолдауды тиімді жүзеге асыру қажеттігін алға тартты.

Жиын инклюзивті білім беру саласындағы заманауи трендтерді ескеріп, педагогтердің кәсіби қызметін жаңа әдіснамалық деңгейге көтеруге бағытталған нәтижелі әрі мазмұнды кездесуге айналды.

Қатысты жаңалықтар

Тершеңдік өлімге әкелуі мүмкін

Bastynews

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТІК КӘСІПКЕР 20 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

Bastynews

Мұғаліміне у берген мектеп түлектерінің әрекеті жұртты шошытты

Bastynews