Бүгінгі таңда технология мен білімнің тоғысында орналасқан болашақтың мамандарын даярлау – жаһандық білім беру жүйесінің басты бағыттарының бірі. Осы орайда Қазақстанның 20 өңірінде бір мезгілде басталған «Decentrathon 4.0» хакатоны — жасанды интеллект, Web3 және блокчейн бағытында білім алушылар мен жастарға арналған айтулы оқиғаға айналды.
Бұл – білім беру мен инновацияны ұштастыра отырып, жасампаз жастарды problem-solving, project-based learning, design thinking, AI literacy және digital entrepreneurship қағидаттарымен кәсіби жетілуге ынталандыратын халықаралық форматтағы білім беру іс-шарасы.
Шымкент қаласындағы Shymkent Hub өңірлік технологиялық алаңында өткен хакатонға IT саласына бейімділігі жоғары, креативті ойлайтын жастар, студенттер мен жас мамандар жиналды. Аймақтық менеджер Құрманғазы Мұратовтың айтуынша, биылғы додаға республика бойынша 171 команда тіркеліп, artificial intelligence, blockchain development, smart solutions in EdTech, fintech innovations бағыттарында жобалар әзірлеуде.
Хакатонның негізгі миссиясы — қатысушыларды real-life problem solving, collaborative innovation, peer learning, interdisciplinary integration секілді халықаралық білім беру трендтеріне бейімдеу және болашақта STEM-білім, computational thinking, data-driven decision making дағдыларын тиімді пайдалана алатын жаңа буын мамандарын қалыптастыру.
Қатысушылар берілген уақыт аралығында өз командаларымен бірлесе отырып:
- AI көмегімен әлеуметтік және білім саласындағы өзекті мәселелерге шешім ұсыну;
- Web 3.0 платформаларында білім беру экожүйелерін жобалау;
- Цифрлық білім беру құралдарын (digital learning tools) қолдана отырып, оқыту процесін оңтайландыру бағытындағы идеяларды ұсыну;
- Блокчейн негізінде білім беру деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шешімдерін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізуде.
Хакатонның жалпы жүлде қоры – 50 000 АҚШ доллары, бұл өз кезегінде жастардың стартаптық бастамаларын әрі қарай ілгерілетуге, нақты нарықтық өнімге айналдыруға үлкен мүмкіндік береді. Бұл платформа – қатысушылар үшін тек жарыс емес, сонымен қатар mentorship, networking, skill validation мүмкіндіктері ұсынылатын білім алаңы.
Айта кету керек, бұл ауқымды бастама — Шымкент қаласының Цифрландыру басқармасының, Shymkent Hub технопаркі мен серіктес EdTech ұйымдарының бірлескен күш-жігерінің нәтижесі. Бұған дейін дәл осы қалада Орта Азияда алғаш рет өткен Decentrathon 2.0 хакатоны Қазақстандағы блокчейн және жасанды интеллект технологияларын дамытуға бағытталған тың серпін берген болатын.
Хакатон барысында ұсынылған жобалар ішінен үздіктері кәсіби қазылар алқасының сараптамасынан өтіп, стартаптық қолдауға ие болады. Ал қатысушылардың өздері үшін бұл тәжірибе — transformative learning, future-ready competencies, career-based learning pathways бағытында жасалған маңызды қадам болмақ.
