Ақпарат Қоғам

ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ АЛГОРИТМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтау – әр азамат үшін маңызды құндылық. Әсіресе этносаралық қатынастарға қатысты кез келген жағдайды алдын алу, түсіністік пен татулықты нығайтуда этномедиаторлардың еңбегі ерекше.

Осы бағытта бүгін ҚХА жанындағы Этномедиация кеңесінің төрағасы, «Қазақстан кәсіби медиаторлары мен құқықтық кеңесшілер қауымдастығы» ЗТБ-нің президенті, заңгер, кәсіби медиатор Дана Кенжеқұлова қатысушыларға Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы мен республикалық этномедиаторлар кеңесі бірлесіп әзірлеген Этномедиаторлар қызметінің алгоритмін таныстырды.

Жиынға «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, Этномедиация орталығының этномедиаторлары, мемлекеттік органдар мен ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері қатысты. Шара барысында этностардың қатысуымен болған инциденттер мен оқиғалардың алдын алу кезеңіндегі іс-қимыл тәртібі, этномедиатордың әрекет ету кезеңдері және алгоритмді тәжірибеде қолдану жолдары жан-жақты түсіндірілді.

«Этномедиация – бүгінгі қоғам үшін аса қажет сала. Алгоритмді енгізу арқылы этномедиаторлардың жұмысы жүйеленіп, әрбір жағдайға дұрыс әрі тиімді қадам жасауға мүмкіндік туады. Бұл – бірлікті нығайтудың нақты құралы», – дейді Дана Кенжеқұлова.

Бүгінгі таңда этномедиация институты еліміздегі қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайтуда маңызды миссия атқаруда. Ал мұндай алгоритмді іске асыру – кәсіби медиаторлардың тәжірибесін жаңа деңгейге шығарып, олардың қызметін нақтылай түседі.

Қатысты жаңалықтар

Ғылыми әлеуетті нығайтатын қадам

bastynews

Иматов Қанат Абдурахманұлының сайлауды алды бағдарламасы

Bastynews

ШЫМКЕНТТЕ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ

bastynews