Қоғам

TEDx: КАЗАҚ ТІЛІ – ТҰЛҒАЛЫҚ ИДЕНТИФИКАЦИЯНЫҢ ТІРЕГІ

Шымкент қаласындағы М.Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназиясында Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай халықаралық форматта маңызды іс-шара – TEDx конференциясы өтті. Шараның тақырыбы қазіргі замандағы жаһандану үдерісінде ұлттық болмыс пен мәдени кодың сақталуына бағытталған: “Finding Identity through the Kazakh Language”.

Бұл бастама – multilingual education, identity-based pedagogy және intercultural communication бағыттарын біріктіретін озық формат. Үшінші мегаполис саналатын Шымқаланың білім беру кеңістігінде осындай заманауи білім платформаларының көбеюі – педагогикалық инновацияның, зияткерлік орта мен жастардың тілдік сезімталдығының артып келе жатқанын көрсетеді.

Конференцияға 11 «КА» және 11 «КӘ» сынып оқушылары қатысты. Олар public speaking, critical reflection, cultural awareness және academic fluency секілді дағдыларын жан-жақты көрсете білді. Спикерлер өз сөздерінде қазақ тілін тек қарым-қатынас құралы емес, cultural marker және identity construct ретінде сипаттап, жас ұрпақтың мемлекеттік тіл арқылы рухани жаңғыруға қадам басуына терең көзқараспен қарады.

TEDx форматы – оқушылардың independent thinking, creative speech, global-local perspective қағидаттарына сүйене отырып, өз ойларын нақты құрылымда, сенімді және әсерлі жеткізуіне мүмкіндік беретін тиімді алаң. Әрбір сөз сөйлеуші қазақ тілінің тарихи, әлеуметтік және мәдени рөліне өзіндік ғылыми-танымдық көзқарас ұсынды.

Іс-шара барысында келесі маңызды мәселелер қозғалды:

  • Қазақ тілінің жасөспірімдер арасындағы linguistic identity қалыптастырудағы орны
  • Үш тілді білім беру контекстіндегі ана тілінің маңыздылығы
  • Тіл мен мәдениеттің өзара байланысы: language-culture nexus
  • Жаһандану жағдайындағы ұлттық тілдің functional transformation сипаты

TEDx конференциясына мектеп әкімшілігі, ұстаздар қауымы мен ата-аналар белсенді қатысып, оқушылардың сөйлеу мәдениеті мен идеялық мазмұнына жоғары баға берді. Шара соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Бұл конференция – жастардың тіл арқылы өзін-өзі тануына, қоғамдағы орнын ұғынуына, сондай-ақ ұлттық сана мен азаматтық позицияны қалыптастыруына ықпал ететін edutainment (білім мен ойын-сауықты біріктіретін) форматының үлгісі.

Шымкент қаласының білім беру экожүйесінде осындай ғылыми-танымдық бағыттағы іс-шаралардың артуы – қаламыздың интеллектуалды капиталының нығаюына, сондай-ақ білімнің гуманитарлық және әлеуметтік-мәдени векторларының дамуына негіз қалайды.

М.Х. Дулати атындағы гимназия ұжымы бұл бастаманы дәстүрлі түрде жалғастырып, TEDx форматын келешекте қалалық және республикалық деңгейде өткізуді көздеп отыр. Басты мақсат – тіл арқылы ұлттық болмысты терең түсіну мен оны заманауи коммуникация құралдары арқылы жаһандық аудиторияға ұсыну.

Қатысты жаңалықтар

«ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ БЕТБҰРЫС» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-КЕЗДЕСУ ӨТТІ

bastynews

АЛАШ АРЫСТАРЫН АҚТАУҒА АРНАЛҒАН 12 ТОМДЫҚ ЖИНАҚ — ОҚПУ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫНДА

bastynews

ШЫМКЕНТТІК ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАРЛАР ЫСТАМБУЛ ГЕЛИШИМ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ РЕСМИ САПАРДА БОЛДЫ

bastynews