ZHANIBEKOV UNIVERSITY халықаралық білім беру кеңістігінде қазақ диаспорасын қолдауға бағытталған бастамаларын жалғастырып келеді. Осы орайда, университет базасында шетелде тұратын, бірақ ұлты қазақ жастарға арналған дайындық бөліміне 2025–2026 оқу жылына тыңдаушыларды қабылдау ресми түрде басталды. Бұл бағдарлама — шетел азаматтарын Қазақстанның жоғары білім жүйесіне academic bridging қағидаттары негізінде интеграциялауға бағытталған маңызды білім беру платформасы.
Дайындық бөлімінің басты мақсаты — қазақ диаспорасы өкілдерін тілдік, академиялық және мәдени ортаға бейімдеу арқылы Қазақстандағы жоғары оқу орындарына түсуге жүйелі дайындық жүргізу. Бағдарлама барысында тыңдаушыларға қазақстандық білім беру жүйесіне сай базалық пәндер оқытылып, қазақ және орыс тілдерін меңгеру, ғылыми-академиялық жазылым, бейіндік пәндер бойынша оқыту жүзеге асырылады. Сонымен қатар тыңдаушыларға soft skills дамыту, академиялық этика мен intercultural competence секілді өзекті дағдыларды қалыптастыру бағытында қолдау көрсетіледі.
Құжат қабылдау тәртібі ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіледі. Тыңдаушылар келесі екі санат бойынша қабылданады:
- Қазақстан Республикасының азаматтары;
- Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, бірақ ұлты қазақ шетел азаматтары, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын азаматтығы жоқ этникалық қазақтар.
Азаматтығы бар талапкерлер келесі құжаттарды ЖЖОКБҰ (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы) арқылы электронды немесе қағаз нұсқасында тапсырады:
– еркін үлгідегі өтініш;
– жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
– орта, техникалық немесе кәсіптік білім туралы құжат пен қосымшасы;
– 075/у үлгісіндегі медициналық анықтама.
Ал ұлты қазақ шетел азаматтары келесі құжаттарды ұсынады:
– еркін үлгідегі өтініш (қағаз не электронды түрде);
– жеке басын куәландыратын құжат;
– білім туралы құжат пен қосымшасы және нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліне аудармасы (құжат шетел тілінде болған жағдайда);
– тұрғылықты елдегі денсаулық сақтау органы берген медициналық анықтама (академиялық мобилділік талаптарына сәйкес).
Құжаттарды қабылдау университеттің қабылдау комиссиясы арқылы жүргізіледі. Тыңдаушылар іріктеуден өткеннен кейін foundation year моделіне ұқсас академиялық дайындықтан өтеді. Бұл бағдарлама – Қазақстанда әрі қарай жоғары білім алуға қажетті базалық білім мен дағдыларды меңгерудің тиімді құралы.
ZHANIBEKOV UNIVERSITY бұл дайындық бөлімін іске қосу арқылы этникалық қазақ жастарына тарихи Отанымен академиялық тұрғыдан қайта қауышуға мүмкіндік беріп отыр. Бағдарлама inclusive education, cultural reintegration, global academic mobility қағидаттарына негізделген және университеттің халықаралық білім кеңістігіндегі рөлін нығайтуға бағытталған.