Ақпарат

КЕНТАУДА ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ ӨТТІ

Кентау қаласында ел бірлігін нығайту, этносаралық татулықты насихаттау мақсатында «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбында білімділік пен тапқырлықты шыңдай түсетін интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.
Білімділер сынға түсетін сайысқа қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайысқа 17 команда тіркеліп, 6 кезең бойынша бақ сынады. Командалар қала және ауылдардағы түрлі саланың қызметкерлерінен жасақталды. Білімділер мен біліктілерді, шапшаң ойлау қабілеті жоғары командаларды анықтау мақсатында қазылар алқасы құрамында қаламыздың құрметті азаматтары, этномәдени бірлестік өкілдері мен мәдениет қайраткерлері болды.
Нәтижесінде:
«Қыран» тобы – 1-орын,
«Отбасы» тобы – 2-орын,
«Білім Ордасы» тобы – 3-орын иеленді.
Сайыс соңында қатысушыларға қала әкімінің атынан дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табысталды.
Кентау қалалық ішкі саясат бөлімі

Қатысты жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА 2025 ЖЫЛЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙДІ: 714 МЫҢ АДАМ ЕҢБЕККЕ ОРНАЛАСТЫ

bastynews

Құрметті Шымкент қаласының БАҚ өкілдері мен блогерлері !

bastynews

Мемлекет басшысы ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

bastynews