Ақпарат

Этносаралық татулықты нығайту мақсатында Кентау қалалық №24 Т. Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебінде кездесу өтті

Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен кездесуге Кентау қалалық мәслихатының депутаты, №9 С. Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектептің директоры Мұсаханова Ұлбала Ермаханқызы, сондай-ақ қала жастары, мұғалімдер мен тұрғындар қатысты.
Кездесудің мақсаты – әртүрлі этностар арасындағы ашық диалогқа жол ашу, бір-бірімізді жақынырақ танып-білу және ортақ құндылықтарды бөлісу.
– Бүгінгі таңда әр этностың тіліне, дініне, дәстүріне құрметпен қарау – біздің азаматтық парызымыз. Әр ұлттың мәдени мұрасы – ортақ байлығымыз. Осындай кездесулер халықтар арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтып, ел ішіндегі тұрақтылықты сақтауға ықпал етеді, – деді өз сөзінде Мұсаханова Ұлбала Ермаханқызы.
Кентау қалалық ішкі саясат бөлімі

Қатысты жаңалықтар

ЖАРТЫ ҒАСЫРҒА ЖУЫҚ ЖӨНДЕЛМЕГЕН АҚЖАР СУ ҚОЙМАСЫНА РЕКОНСТРУКЦИЯ ЖАСАЛДЫ

bastynews

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙТЫЛДЫ

bastynews

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ІРІ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ БІРІ – «BETA INTERNATIONAL» ЖШС

bastynews