Ақпарат Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛАТЫН ОТБАСЫЛАРДАН 330 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Жыл басынан бері қалада 8 227 отбасыдағы 42 866 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Бұл көрсеткіш жұмыспен қамту шараларының нәтижесінде былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,4 пайызға төмендеген. 🔷

Қаламызда АӘК-ке өтініш білдірген отбасылардың 12 092 азаматы жұмысқа жарамды екені анықталған. Оның ішінде 7 281 азамттың жұмысы бар. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде 330 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысты.

Оның ішінде 211 адам тұрақты жұмысқа, 43 адам қоғамдық жұмыс орындарына, 12-сі «Жастар практикасы» бағдарламасына, 17 адам «Әлеуметтік жұмыс» орындарына және 47 адамның кәсіпкерлік жобаларына қолдау көрсетілді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ: ЫҚПАЛДЫ ПАРЛАМЕНТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕПІЛІ

bastynews

ТҮРКІСТАН: АЯҒЫНАН АЙЫРЫЛСА ДА, СЕНІМІН ЖОҒАЛТПАҒАН АРЫСТЫҚ АЗАМАТ ӨЗ КӘСІБІН БАСТАДЫ

Bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 24 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАНАДЫ

Bastynews