Ақпарат

ХАНТАҒЫ АУЫЛЫНДА
ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен этносаралық татулықты нығайту мақсатында Хантағы ауылында кездесу өтті.
Кездесуге Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Кентау қалалық филиалының басшысы Ешірбаев Бақытжан Шәкірұлы және Кентау қаласының құрметті азаматшасы Дәрибаева Бибі Еркінбекқызы, сондай-ақ ауыл жастары мен тұрғындары қатысты.
– Жүзі басқа болғанымен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсаты мен мүддесі ортақ, бірлігі мығым, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына әрқашан құрметпен қарайды. Сонымен қатар, қазақ халқының қарапайымдылығын, қонақжайлылығын, бауырмалдылығын ерекше бағалайды. Ең бастысы, өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауызбірлікте, туыс болуды көздейтіндігі – біздің басты күшіміз. Бұл – тәуелсіздігіміздің негізі, – деді Бақытжан Шәкірұлы.
Ал өз кезегінде Бибі Еркінбекқызы:
– Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туыстықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә. Назарбаев халықтар достығы мен бірлігі орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойған еді, – деп атап өтті.
Кентау қалалық ішкі саясат бөлімі

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ОРНЫ

bastynews

САЙРАМДА ЖАҢА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ САЛЫНАДЫ

bastynews

Қасиетті жұма күні Қазақстанның тұңғыш мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы дүниеден өтті

bastynews