Ақпарат Қоғам

ӨНДІРІСТІК ӘЛЕУЕТ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ НЕГІЗІ

Шымкент қаласында «Pioner Grain Products» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіпорны табысты қызмет атқаруда. Кәсіпорын ұн, кондитерлік өнімдер мен ішкі есіктер өндірісімен айналысады. Бұл өндірістік нысан көпсалалы бағытта жұмыс істеу арқылы өңірлік өнеркәсіптің дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 500 тонна бидайды өңдеуге жетеді. Мұнда 237 тұрақты жұмыс орны құрылған. Бұл көрсеткіш қала тұрғындарын жұмыспен қамту және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету тұрғысынан айтарлықтай маңызды.

Қалалық әкімдіктің тиісті басқармалары тарапынан кәсіпорынның өнімін ішкі нарыққа ілгерілетуге жәрдемдесу және мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл шаралар жергілікті өндіріс орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, отандық өнім көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі – қаланың экономикалық әлеуетін арттыратын маңызды бағыттардың бірі. Осындай ірі өндірістік кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуі Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің артуына ықпал етеді

Қатысты жаңалықтар

Қауіпсіз әрі ыңғайлы

Bastynews

ТУРИЗМ – ТУҒАН ЖЕРДІ ТАНУ ТЕТІГІ

Bastynews

Құрметті Шымкент қаласының БАҚ өкілдері мен блогерлері !

bastynews