Ақпарат Қоғам

АУҚЫМДЫ ӨНДІРІС – ТҰРАҚТЫ ДАМУ НЕГІЗІ

Еңбекші ауданында «KEMEL DAN» сауда маркасымен жұмыс істейтін өндіріс орыны ұн өндіру және макарон өнімдерін шығару бағытында тұрақты қызмет атқарып келеді.

Кәсіпорын тәулігіне 120 тоннаға дейін бидай өңдеуге мүмкіндік беретін заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Өндіріс барысында шығарылатын өнімдер сапа талаптарына толық сай келеді және ішкі нарықтағы сұранысты қамтамасыз етуге бағытталған.

Кәсіпорын 100-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бұл көрсеткіш аймақтағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты нығайтуға және халықты еңбекпен қамту деңгейін арттыруға өз үлесін қосуда.

Мұндай өндірістік нысандар өңірлік өнеркәсіптің дамуына, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және кәсіпкерлік әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді.

Қатысты жаңалықтар

Татулық пен достық – елдіктің тұғыры

bastynews

Ғалымдар ерте қартаюды қоздыратын тағамдарды анықтады

Bastynews

ТАРИХИ ЖАДЫНЫ ЖАҢҒЫРТУ: ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНА КӨРСЕТІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ТЕТІКТЕРІ

bastynews