Ақпарат Қоғам

ЫНТЫМАҚ БАР ЖЕРДЕ – ЫРЫС БАР

Қазақтың «Ынтымақ бар жерде – ырыс бар» деген дана сөзі қоғам дамуының басты қағидасын айқындайды. Тарихқа көз жүгіртсек, ел бірлікке ұмтылғанда ғана қиындықты жеңіп, еңсесін тіктеген. Ал алауыздық тұтастыққа сызат түсірген. Демек, ынтымақ – өткеннің де, болашақтың да берік кепілі.

Қоғамдағы тыныштық пен бейбіт өмір адамдардың бір-біріне құрметпен қарап, ортақ мақсатқа ұмтылуынан басталады. Әділет үстемдік еткен жерде сенім артып, сенім бірлікті, ал бірлік тұрақтылықты қалыптастырады.

Бүгінде Қазақстан жүзден аса этносты ортақ шаңырақ астына біріктіріп, татулық пен келісімнің әлемге үлгі болар тәжірибесін қалыптастырды. Түрлі ұлт өкілдері ел дамуына үлес қосып, достық пен берекенің нақты нәтижесін көрсетіп отыр.

Бейбіт өмірдің құнын соғысты көрген ата-бабамыз жақсы түсінді. Сол арманға біз жеттік. Ендігі міндет – оны сақтау. Өйткені ынтымақ – ел қуатының, жастар болашағының, мемлекет тұрақтылығының кепілі.

«Ынтымақ бар жерде – ырыс бар» қағидасы әр қазақстандықтың өмірлік ұстанымына айналса, еліміздің өркендеуі баянды болмақ. #МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK

Қатысты жаңалықтар

МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ РЕЗИДЕНТОВ В ШЫМКЕНТЕ: ОБСУЖДЕНЫ АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ В ПЕДИАТРИИ

bastynews

ШЫМКЕНТ: ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА 32 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ

bastynews

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа ғана сөз сөйлеген құрылтай мүшелері маңызды ой-пікірлер айтты. Құрылтайдың аясында пайдалы пікір алмасулар болды. Барлығы еліміздің дамуына қажетті болатынына сенемін.

bastynews