Ақпарат Қоғам

📍 МЫРЗАКЕНТТЕ ЖАСТАР МЕН АРДАГЕРЛЕРДІҢ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Бүгін Мақтаарал ауданы, Мырзакент кентіндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мәжіліс залында қоғам үшін маңызы зор жиын ұйымдастырылды. Шара Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің бастамасымен қолға алынған ақпараттық-түсіндіру жобасы аясында өтті.

Кездесудің негізгі тақырыбы«Ұрпақ тәрбиесіндегі – бетбұрыс».
Мақсаты – аудандық ардагерлер ұйымдарының жұмысын талдау, тиімді тәжірибе алмасу, сондай-ақ жастар тәрбиесіндегі заманауи әрі нәтижелі бағыттарды айқындау.

Жиынға Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары А. Сапарбеков, Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары С. Тұрсынқұлов, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, әжелер алқасы, әкелер мектебінің төрағалары мен белсенді азаматтар қатысты.

Кездесу барысында мына мәселелер кеңінен талқыланды:

  • Ұрпақ тәрбиесіндегі ардагерлердің рөлі және олардың жастарға өнеге боларлық өмірлік тәжірибесі;
  • Салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды ұлықтау, оларды жас буынға жеткізудің тиімді әдістері;
  • Әкелер мектебінің жұмысын жандандыру, отбасыдағы әке тәрбиесінің маңызын арттыру жолдары;
  • Жастар арасында патриоттық сезімді күшейту, елжандылық пен жауапкершілікке тәрбиелеу бағытындағы ұсыныстар.

Кездесуге қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, нақты ұсыныстар білдірді. Ардагерлер тарапынан айтылған ақыл-кеңестер мен тәжірибелік мысалдар қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің өкілдері мұндай кездесулердің маңызын атап өтіп, оларды өңірдің барлық аудандарында жүйелі түрде өткізу қажеттігін жеткізді. Себебі, ардақты ардагерлердің өмірлік тәжірибесі мен өнегелі сөздері – жас ұрпақтың дұрыс жол таңдауы мен ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруінде таптырмас қазына.

✨ Осындай рухани мазмұны терең басқосулар қоғамдағы ұрпақтар сабақтастығын арттырып қана қоймай, елдің бірлігі мен болашағына қызмет етеді.

Қатысты жаңалықтар

МЕЖЭТНИЧЕСКОЕ СОГЛАСИЕ – НАЦИОНАЛЬНЫЙ БРЕНД КАЗАХСТАНА

bastynews

Бананмен үйді жылытуға болады екен

Bastynews

Алматыда жезөкшелерді сабап, тонайтын екі ер адам ұсталды

Bastynews