Шымкент қаласында аралас мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілін оқытудағы оқушы мотивациясын арттыру жолдары» тақырыбындағы шебер-сынып ұйымдастырылды. Іс-шараны «Өрлеу» Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтының «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы» кафедрасының аға оқытушысы Жангабулова Анар Асилхановна модератор ретінде жүргізді.
Шебер-сыныптың негізгі мақсаты – қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді педагогтерге ұсыну, заманауи педагогикалық технологияларды меңгерту және мұғалімдердің кәсіби құзыретін дамыту болды.
Іс-шара аясында келесі міндеттер жүзеге асырылды:
Қазақ тілін оқытуда кездесетін ішкі және сыртқы мотивация түрлерін талдау;
Мотивацияны арттыруға ықпал ететін әдіс-тәсілдер мен дидактикалық ойындарды таныстыру және оларды сабақта тиімді қолдану жолдарын көрсету;
Тілді үйренуге деген қызығушылықты арттыру үшін оқу үдерісін тұлғаға бағыттау тәсілдерін меңгерту;
Мұғалімдер арасында кәсіби тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру және әдістемелік ынтымақтастықты күшейту;
Цифрлық ресурстарды тиімді қолдану арқылы қазақ тілін оқыту үдерісін жаңғырту жолдарын көрсету.
Шебер-сынып теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды. Қатысушылар мотивация ұғымының педагогикалық аспектілерін талдап, оқушының оқу іс-әрекетіне ықпал ететін ішкі (қызығушылық, өзіндік даму ниеті, жетістікке жету талпынысы) және сыртқы (баға, марапат, әлеуметтік орта) мотивация көздерін нақты мысалдар арқылы саралады.
Практикалық бөлімде мұғалімдер мотивацияны арттыруға бағытталған әдістерді тәжірибе арқылы пысықтады. Әсіресе, оқытудың интерактивті тәсілдері, тілдік ойындар, дебат элементтері, рольдік тапсырмалар және жобалық жұмыстарды оқу үдерісіне тиімді енгізу жолдары көрсетілді.
Шебер-сынып барысында педагогтер арасында кәсіби байланыс орнап, өзара тәжірибе алмасу арқылы әдістемелік қолдаудың тиімді үлгілері қарастырылды. Қатысушылар қазақ тілін оқытуда шығармашылық әлеуетті дамыту, оқушының жеке ерекшеліктерін ескеру, дифференциация және тұлғалық бағыттағы әдістемелік амалдарды кеңінен талқылады.
Цифрлық платформалар мен қосымшаларды (Kahoot, Wordwall, Quizizz, Padlet) тиімді пайдалану – қазақ тілі сабағының тартымдылығын арттырудың маңызды факторларының бірі ретінде ұсынылды. Қатысушылар бұл ресурстардың мотивацияға ықпал ету мүмкіндігін бағалай отырып, оларды күнделікті сабақ тәжірибесіне енгізу бойынша нақты жоспарлар жасады.
