Ақпарат

2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ОҚУЛЫҚТАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ

Шымкент қаласы әкімдігі білім беру саласында сапалы білім беруді қамтамасыз ету және оқушыларды қажетті оқу құралдарымен толық қамту мақсатында 2025-2026 оқу жылына дайындық жұмыстарын белсенді жүргізуде. Бұл бағыттағы шаралар білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға және оқу үдерісін үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған.

2025-2026 оқу жылына арналған оқулықтарға сұраныс қаланың барлық білім беру мекемелерінен мұқият жинақталды. Нәтижесінде қала бойынша 11 баспамен оқу құралдарын жеткізу жөнінде келісімшарттар түзілді. Бұл келісімшарттар мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарына сәйкес ашықтық пен әділдік қағидаттары негізінде рәсімделді. Келісімшарттар бойынша оқулықтарды сатып алуға жалпы 2,1 (екі миллиард жүз миллион) теңге көлемінде қаржы қаралған. Бұл қаржы оқулықтардың сапалы әрі уақтылы жеткізілуін және барлық оқушыларға толық көлемде бөлінуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар, оқулықтарды мектептерге жеткізу және тарату жұмыстарын ұйымдастыруға қосымша 2,3 (екі миллион үш жүз мың) теңге қаражат бөлінді. Алайда, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері барысында бұл қызметтерге өтінімдердің түспеуіне байланысты процедура уақытша тоқтатылды. Осы мәселені шешу және қажетті жұмыстарды қайта бастау мақсатында мемлекеттік сатып алу рәсімдері бойынша өтінімдер қайта ұсынылды. Қалалық білім басқармасы осы процессқа ерекше бақылау жасап, оқулықтардың кешіктірілмей таралуын қамтамасыз етуге бар күшін салуда.

Оқулықтарды жеткізу мен тарату жұмыстарының сапалы және уақтылы орындалуы оқу үдерісінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде шешуші маңызға ие. Сондықтан, Шымкент қаласы әкімдігі мен білім беру басқармасы бұл бағыттағы жұмыстарға ерекше назар аударады, педагогтер мен ата-аналарды ақпараттық қолдау арқылы оқулықтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шараларды жүзеге асырады.

Білім басқармасының мәліметі бойынша, 2025-2026 оқу жылына оқулықтардың қажеттілігі мен сұранысы дәлме-дәл есептеліп, оқу бағдарламаларына сәйкес оқулықтар таңдалды.

Қала әкімдігі білім беру ұйымдарын қажетті оқулықтармен үздіксіз қамтамасыз етуді мемлекеттік саясаттың басты басымдығы ретінде қарастырады және осы бағытта жүйелі жұмыстарды жалғастыруда. Барлық тиісті құрылымдар өзара үйлесімді әрекет ете отырып, оқулықтардың сапалы, уақытылы жеткізілуін және тиімді бөлінуін қамтамасыз етеді.

Барлық мүдделі тараптарды білім беру саласындағы осы маңызды бастамаларды қолдауға және бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз. Тек бірлесе атқарылған істер ғана еліміздің білім деңгейін көтеріп, жас ұрпақты ғылым мен білімнің жаңа биіктеріне жетелейді.

Қатысты жаңалықтар

TASHENEV UNIVERSITY-ДЕ ӨТКЕН ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ

bastynews

РЕЙД БАРЫСЫНДА 5 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Bastynews

Ғылыми әлеуетті нығайтатын қадам

bastynews