Ақпарат

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚАЛАЙ САБАҚ ӨТІП ЖАТҚАНЫ ОНЛАЙН БАҚЫЛАНАДЫ

Шымкент қаласындағы білім беру мекемелерінде оқу үдерісін цифрландыру және қауіпсіздікті арттыру мақсатында заманауи бейнебақылау жүйесін енгізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл бастама мектептегі оқу сапасын арттыруға және білім беру процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Жоба шеңберінде орнатылатын барлық бейнебақылау камералары – әлемдік деңгейдегі беделге ие Hikvision зауытының өнімдері болып табылады. Жабдықтардың сапасын қамтамасыз ету үшін жеткізуші компаниядан арнайы техникалық сертификат пен сәйкестік құжаттары талап етіледі.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері ашық және қатаң бақылауда жүзеге асырылды. Бұған дейін бейнекамералардың бағасын негізсіз көтеру әрекеттері тіркелген. Мысалы, нарықтық құны 100 мың теңге шамасындағы камераны 300 мың теңгеге ұсынуға тырысқан жағдайлар орын алған. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін конкурсқа еліміз бойынша жоғары біліктілікке ие 6-7 компания қатысып, олардың ішінен біреуі мемлекеттік конкурс негізінде жеңімпаз болып танылды. Қазіргі таңда барлық техникалық талаптарға сәйкес сапалы құрылғылар жеткізілуде.

Жоба аясында білім беру ұйымдарының Жедел басқару орталығы, Әдістемелік орталығы, дабыл жүйесі және цифрлық инфрақұрылымы біртұтас интеграцияланған кешенге біріктіріледі. Бұл – оқыту процесін қадағалау мен талдаудың жаңа кезеңіне жол ашады. Аталған тәжірибені бұған дейін Алматы қаласы мен Атырау облысы сәтті іске асырған болатын. Енді Шымкент қаласы да осы бағытта алдыңғы қатардағы өңірлердің қатарынан көрінуге қадам жасап отыр.

Жүйе толық іске қосылғаннан кейін, оқу үдерісінің барлық кезеңі онлайн режимде бақыланатын болады. Сабақ өту барысын мектеп әкімшілігі – оқу ісі жөніндегі орынбасар, директор және Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Әдістемелік орталықтың мамандары тікелей зерделей алады. Бұл өз кезегінде оқу сапасына мониторинг жүргізуге, мұғалімдердің сабақ беру әдістемесін жетілдіруге және педагогикалық процестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Болашақта бұл жүйе «Kundelik.kz» электрондық платформасымен ықпалдастырылып, ата-аналарға да баласының оқу барысын бақылауға мүмкіндік берілуі мүмкін. Бұл арқылы ата-аналар баласының сабаққа қатысуы, оқу үлгерімі және жалпы тәртібі туралы нақты әрі жедел ақпарат алып отырады. Мұндай ашықтық – ата-ана мен мектеп арасындағы байланыс пен сенімді нығайтып, оқушының білім алуға деген жауапкершілігін арттырады.

Қатысты жаңалықтар

Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

bastynews

ШЫМКЕНТ: 14 БАЛАБАҚША КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

bastynews

TÜLEK–2025: TASHENEV UNIVERSITY-ДЕ БАКАЛАВРИАТ ЖӘНЕ МАГИСТРАТУРА ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАПСЫРУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

bastynews