Жаңалықтар

ЗАГРЕБ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНА ДӘРІС ОҚЫДЫ

Хорватияның Загреб қаласындағы Загреб университетінің механикалық инженерия (машина жасау) және кеме жасау факультетінің профессоры, беделді ғалым Даниель Павкович «Электрэнергетика» мамандығы бойынша оқитын докторанттар мен бакалавр студенттеріне арнайы дәріс оқыды. Бұл іс-шара 8D07150 «Электрэнергетика» докторантура және 6В07150 «Электроэнергетика» бакалавриат білім беру бағдарламаларының аясында ұйымдастырылды.

Профессордың дәрісі «Comparative Assessment of Battery Cell Charging Systems: Conventional Approach vs. Open-Circuit Voltage Feedback» тақырыбында өтті. Дәрісте профессор батареяның зарядталу жүйелерін салыстырмалы түрде талдаумен қатар, басқару жүйелерінің заманауи аспектілеріне терең үңілді. Студенттер басқару жүйесін жобалаудың негіздерімен танысты, оның ішінде оңтайлы демпфирлеу әдістері, батареяны дәстүрлі салқындату параметрлері – рекапитуляция, батареяның кернеу шектеулері, басқару жүйесін реттеу және реттегіштерді баптау мәселелері жан-жақты талқыланды.

Сонымен қатар, лекция барысында батарея параметрлерін бағалаудың заманауи әдістері түсіндірілді, атап айтқанда SPAM бағалау әдісі және Ляпунов теориясына сүйене отырып, жүйенің тұрақтылығын талдау жолдары қарастырылды. Студенттер Matlab және Simulink бағдарламаларында модельдеудің әдістерімен танысып, нақты практикалық мысалдар арқылы зарядтау жүйелерінің жұмысы көрсетілді. Бұл тәсіл білім алушыларға теориялық білімді нақты қолданбалы деңгейге көтеруге мүмкіндік берді.

Дәріс барысында басқару жүйелерінің түрлі моделдері, оның ішінде CCC-VL әдісі (қалыпты және бейімделген) толық таныстырылды. Сонымен бірге зарядтау құрылғылары мен батарея параметрлерін таңдау бойынша кең көлемде ақпарат беріліп, 3D форматтағы техникалық модельдер ұсынылды. Бұл студенттердің заманауи электроэнергетика саласындағы техникалық құралдар мен әдістерді терең түсініп, практикалық дағдыларын дамытуына септігін тигізді.

Даниель Павковичтің дәрісі электроэнергетика саласындағы ғылыми зерттеулер мен өндірістік тәжірибелердің маңызды мәселелерін қозғап, студенттер мен докторанттардың ғылыми қызығушылығын арттыруға үлкен ықпал етті. Лекция барысында студенттерден көптеген сұрақтар қойылып, белсенді пікірталастар ұйымдастырылды. Бұл өзара қарым-қатынас оқыту сапасын жақсартуға, білім алушылардың пәнді толық меңгеруіне септігін тигізді.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫНА РЕСЕЙЛІК ӘРІПТЕСТЕРІ ОҢ БАҒА БЕРДІ

Bastynews

НАУҚАСТАР САНЫ ЕКІ ЕСЕГЕ ТӨМЕНДЕДІ

Bastynews

Президент Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады

bastynews