Ақпарат Технология

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР: «ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ: ҚАЗІРГІ ГЕОСАЯСИ ЖАҒДАЙДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ»

Орталық Азия инновациялық университетінің «Бизнес және құқық» факультетінде «Құқық» және «Бизнес және туризм» кафедраларының ұйымдастыруымен «Қазақстан экономикасы: қазіргі геосаяси жағдайдағы жай-күйі және даму тенденциялары» тақырыбында халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Іс-шара аясында Қазақстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен келген ғалымдар мен сарапшылар қазіргі экономикалық жағдай, құқықтық мәдениет, жасанды интеллект және өңірлік интеграциялық процестер төңірегінде ғылыми пікір алмасты.

Семинар жұмысына Ресей Федерациясынан және Өзбекстан Республикасынан келген құрметті қонақтар мен ғалымдар қатысты:

          Меркулова Е.Ю. – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Г.Р. Державин атындағы Тамбов мемлекеттік университетінің аумақтарды кеңістіктік дамыту және өмір сүру сапасы орталығының директоры (Ресей). Баяндама тақырыбы: «Дағдарыстар және оларды шешу жолдары».

Кузибоева О.М. – география ғылымдарының докторы, профессор, Қоқан мемлекеттік университеті (Өзбекстан).

Бабаева Н.М. – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қоқан мемлекеттік университеті (Өзбекстан).

Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы да белсенділік танытып, келесі тақырыптар бойынша баяндамалар жасады:

Құралбаева А.Ш. – экономика ғылымдарының докторы, «Бизнес және туризм» кафедрасының профессоры. «Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайы және даму стратегиясы» атты баяндамасында ел экономикасының құрылымы, макроэкономикалық тұрақтылық және инновациялық даму мүмкіндіктері сарапталды.

Абдикеримова А.А. – PhD, философия докторы, «Құқық» кафедрасының меңгерушісі. «Құқықтық мәдениет пен құқықтық сана: заманауи қоғамның дамуындағы рөлі» тақырыбындағы баяндамасында құқықтық сананың қоғамдағы орны мен азаматтық жауапкершілікті арттырудағы маңыздылығына тоқталды.

Туракулова Л.Р. – экономика ғылымдарының кандидаты, «Бизнес және туризм» кафедрасының аға оқытушысы. «Банк ісіндегі жасанды интеллект» баяндамасында қаржы секторында цифрлық технологияларды енгізудің тиімділігі мен қауіпсіздік аспектілері сөз болды.

Шеримова Н.Ш. – заң ғылымдарының кандидаты, «Құқық» кафедрасының аға оқытушысы. «ЕАЭО аясындағы кейбір мәселелер: оларды шешу жолдары» баяндамасында интеграциялық бірлестіктердегі экономикалық және құқықтық проблемалар талқыланды.

Семинар соңында «Бизнес және туризм» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к. Шадиева А.А. қонақтарға алғыс білдіріп, арнайы сертификаттар табыстады.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: КӨКСАЙ АУМАҒЫН ЖАҢАРТУ АЯСЫНДА 20 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ

bastynews

Шымкентте «Таза қала» жалпы қалалық сенбілігі жоғары деңгейде өтті

bastynews

ШЫМКЕНТТІК СТУДЕНТ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАДА І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМҒА ИЕ БОЛДЫ!

bastynews