Ақпарат Қоғам

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ «ЖАСЫЛ ЭНЕРГЕТИКА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІНЕ ҚАТЫСТЫ

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің оқытушылары мен магистранттары Қытай Халық Республикасының астанасы Бейжің қаласында орналасқан Солтүстік Қытай электр энергетика университетінің (North China Electric Power University, NCEPU) базасында ұйымдастырылған International “Green Energy Youth Leadership Camp” атты халықаралық жазғы мектепке қатысты.

Аталған іс-шараға түрлі елдерден келген жас ғалымдар мен мамандар қатысты. Жазғы мектеп бағдарламасы жасыл энергетика саласындағы соңғы жаңалықтармен танысуға, заманауи технологиялар мен тұрақты даму мәселелерін жан-жақты талқылауға мүмкіндік берді. Қатысушылар келесі бағыттар бойынша белсенді жұмыс жүргізді:
🔹 Жасыл энергетика және тұрақты даму салаларындағы заманауи трендтер бойынша дәрістер мен семинарларға қатысты;
🔹 Энергетика саласындағы жаһандық сын-қатерлерді саралап, шешу жолдарын қарастырды;
🔹 Әртүрлі мемлекеттерден келген әріптестермен кәсіби тәжірибе және ғылыми идеялармен алмасты;
🔹 Қытай мәдениетімен және ғылыми-инновациялық даму үлгілерімен танысты.

Жазғы мектепке қатысу – 2025 жылғы мамыр айында М. Әуезов атындағы ОҚУ делегациясының Қытайға ресми сапары аясында университет пен NCEPU арасында жасалған ынтымақтастық туралы келісімнің нақты нәтижесі болып табылады.

Сапар барысында екі университет өкілдері келесі бағыттар бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу туралы келісімге келді:
«Электр техникасы және автоматтандыру»;
«Жаңа энергия көздері саласындағы ғылым мен техника».

Аталған бағдарламалар қос дипломды білім беру моделі аясында жүзеге асырылады. Бұл формат студенттерге бір уақытта екі елдің жоғары оқу орындарында білім алып, халықаралық тәжірибе жинақтауға және екі диплом иегері атануға мүмкіндік береді.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарымен стратегиялық серіктестікті дамыта отырып, білім беру кеңістігін кеңейтуді, ғылыми-зерттеу саласында ынтымақтастық орнатуды және жаңа буын жоғары білікті мамандарын даярлауды басты мақсат етіп отыр.

Жазғы мектеп бағдарламасы студенттер мен жас ғалымдардың кәсіби дамуына серпін беріп, «жасыл» технологияларды меңгеру мен оларды тиімді енгізуге бағытталған құнды тәжірибе ұсынды. Инициатива заманауи энергетика саласында тұрақты шешімдер қабылдай алатын, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау ісіне айтарлықтай үлес қосуда.

Қатысты жаңалықтар

БАСТАУЫШ БІЛІМДЕ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ӨСІМДІКТЕРДІҢ МОРФОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ «AUYL INVEST FEST – 2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

bastynews

Мектеп директоры орынбасарын ұрып өлтірді

Bastynews