Ақпарат Қоғам

Шымкентте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Еңбекші ауданында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл бастама еліміз бойынша экологиялық мәдениетті арттыру, азаматтардың табиғатқа деген жауапкершілігін қалыптастыру және қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда.

Аталған акция аясындағы кезекті сенбілік іс-шарасы Еңбекші ауданында өткізілді. Іс-шараға Шымкент қалалық Жайлы ортаны дамыту басқармасы және «Группа ИНТЕКО» мекемесінің мамандары жұмылдырылып, бірқатар аумақтарда санитарлық-тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, Қаратөбе елді мекені, Жібек жолы және Бердіқожа батыр көшелерінде арнайы техникалар мен тазалық бригадалары жұмыс жүргізді. Тазалық жұмыстары барысында көше бойындағы арам шөптер орылып, ағаштардың қураған бұталары кесілді. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер жолдары мұқият сыпырылып, аялдамалар мен жол жабыны жуылып, санитарлық талаптарға сай келтірілді.

Тұрмыстық қалдықтар мен жиналған күл-қоқыстар арнайы техника көмегімен түгелдей шығарылды. Бұл жұмыстарға тек мекеме қызметкерлері ғана емес, жергілікті тұрғындар да белсенді атсалысып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Мұндай бірлескен жұмыстар қоғамның экологиялық жауапкершілігін арттырып, тұрғындардың табиғатқа деген көзқарасын жақсартуға ықпал ететіні сөзсіз.

Жалпы, Еңбекші ауданында тазалық пен тәртіпке бағытталған мұндай шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл – тек қала көркі үшін ғана емес, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін де маңызды.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Шымкент қаласының барлық аудандарында кезең-кезеңімен тазалық жұмыстары жүргізіліп, қала экологиясын жақсартуға бағытталған кешенді іс-шаралар жүзеге асырылады.

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» атты ғылыми-практикалық конференцияда сөз сөйледі

bastynews

Шымкенттегі №119 Маятас мектебінде түлектерге арналған «Болашаққа қадам» жобасы өтті

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ НЫСАНДАРЫ ҚАЙТА МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ӨТКІЗІЛЕДІ

bastynews