Ақпарат

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БАРЫСЫ

2025 жылғы жазғы кезеңде Шымкент қаласының әкімдігі балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында кешенді және жүйелі іс-шаралар топтамасын жүзеге асыруда. Бұл бағытта балалар мен жасөспірімдердің жазғы мезгілін қауіпсіз әрі мазмұнды өткізуіне жағдай жасау басты назарда. Осыған орай, өңіраралық штаб құрылып, арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді.

Жалпы қамту көрсеткіші:
Қаладағы жалпы орта білім беретін мектептерде оқитын 255 118 оқушының 241 852-сі, яғни 94,8%-ы түрлі бағыттағы жазғы демалыс және бос уақытты тиімді өткізу бағдарламаларымен қамтылатын болады. Бұл – балалардың жазғы уақытта толыққанды дамуына, шығармашылық әлеуетін ашуға, салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді.

Қала сыртындағы сауықтыру лагерьлері:
Жергілікті бюджет есебінен 9 693 бала қала сыртындағы сауықтыру және даму лагерьлерінде демалады. Бұл мақсатта 759,4 миллион теңге қаржы бөлініп отыр. Оның ішінде:

  • Балалар үйінен135 бала (80 күнге, бір балаға – 7 500 теңге),
  • Дарынды мектеп оқушылары160 бала (10 күнге, бір балаға – 75 000 теңге),
  • Жекеменшік лагерьлерде8 198 бала (10 күнге, бір балаға – 75 000 теңге),
  • Мемлекеттік «Ақсу» лагерінде1 200 бала (10 күнге, бір балаға – 43 248 теңге).

Бұл шаралар балалардың демалуын ғана емес, олардың әлеуметтік дағдыларын дамыту, табиғат аясында уақыт өткізу, танымдық және спорттық белсенділіктерге қатысуын да көздейді.

          Ата-аналар мен демеушілердің қолдауымен:
Бюджеттен тыс қаражат көздері есебінен де балалардың жазғы демалысы ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, 9 463 бала ата-аналар мен демеушілердің қолдауымен, ал 162 бала кәсіподақ ұйымдарының көмегімен қала сыртындағы лагерьлерде тынығады.

Мектеп жанындағы және мектептен тыс жазғы алаңдар:
Жаз айларында қала мектептерінде ұйымдастырылатын алаңдарда 179 425 оқушы бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік алады. Бұл алаңдарда спорттық жарыстар, шығармашылық үйірмелер, экскурсиялар және түрлі мәдени шаралар өтеді.

          Мақсат – әрбір баланың қауіпсіз, мазмұнды және белсенді жазғы демалысын қамтамасыз ету!
Шымкент қаласы әкімдігі балалардың жазғы уақытын пайдалы өткізуін маңызды әлеуметтік міндеттердің бірі ретінде қарастырады. Әрбір баланың жан-жақты дамуы мен денсаулығын нығайту – басты басымдықтардың қатарында. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Қатысты жаңалықтар

Международный консорциум для строительства казахстанской АЭС возглавит российский «Росатом»

bastynews

«Онлайн» саяхаттаңыз

Bastynews

ХАНТАҒЫ АУЫЛЫНДА
ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

bastynews