Шымкент қаласы әкімдігі білім беру саласының материалдық-техникалық базасын нығайту және білім беру ұйымдарының ғимараттарын қолайлы әрі қауіпсіз жағдайда ұстау мақсатында 2025 жылы ауқымды ағымдағы жөндеу жұмыстарын ұйымдастырды. Бұл шаралар білім беру процесінің үздіксіз және сапалы жүруін қамтамасыз етуге, сондай-ақ балалардың білім алатын ортасының жайлы әрі қауіпсіз болуына бағытталған.
2025 жылы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік деңгейде жалпы 271 білім беру ұйымы анықталып, олардың 241-інің ғимараттарында ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды. Осы ұйымдар құрамына 71 балабақша, 162 мектеп, 10 колледж және 28 басқа білім беру ұйымдары кіреді. Осы мақсатқа 596,4 миллион теңге көлемінде қаржы бөлініп, бюджеттен тиісті қаражат бөлініп берілді.
Бүгінгі таңда аталған жұмыстар белсенді түрде жүзеге асырылып, жоспарланған білім беру ұйымдарының 201-інде (83%) ағымдағы жөндеу жұмыстары толық немесе ішінара жүргізілді. Оған нақтылай қарасақ, жөндеу жұмыстары 55 балабақшада, 115 мектепте, 10 колледжде және 21 басқа білім беру мекемесінде орындалды. Бұл көрсеткіштер Шымкент қаласының білім саласындағы инфрақұрылымдық дамуының маңызды айғағы болып табылады.
Ағымдағы жөндеу жұмыстары ғимараттардың күрделі жөндеуге дейінгі жағдайын жақсартуға, ғимарат ішіндегі техникалық жүйелер мен санитарлық-гигиеналық талаптарды толықтыруға бағытталған. Жөндеу жұмыстарына шатырды, есік-терезелерді, сантехниканы, электр желілерін, қабырғаларды қалпына келтіру, едендерді жаңарту, сондай-ақ ғимараттардың ішкі және сыртқы бояуын жаңарту секілді жұмыстар кіреді. Бұл балабақша мен мектептердің білім беру сапасын арттыруға, оқушылар мен педагогтардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Шымкент қаласы әкімдігі мен білім басқармасы аталған жұмыстардың сапалы орындалуына ерекше назар аударып, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуде. Жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын мердігерлік ұйымдардың қызмет сапасы қатаң бақылауда ұсталып, бұзушылықтар мен сапасыз жұмыстарға жол берілмейді.
2025 жылғы жөндеу жұмыстары — Шымкент қаласының білім беру инфрақұрылымын жетілдіру бойынша кешенді шаралардың бір бөлігі ғана. Алдағы жылдары да білім беру ұйымдарының материалдық жағдайын жақсарту, мектептер мен балабақшаларды жаңғырту, олардың заманауи талаптарға сай жабдықталуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жалғасын табатын болады.
Барлық білім беру ұйымдарының ғимараттары сапалы жөндеуден өтіп, заманауи стандарттарға сай болып, оқушылар мен педагогтар үшін қауіпсіз әрі жайлы ортаны қалыптастыру – біздің ортақ міндетіміз.