Қоғам Саясат

СҰРАНЫСҚА ИЕ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ ҚАЖЕТ

Жұмысшы мамандардың мәртебесі олардың мәселесін реттеумен шешіледі. Тіпті мектептен бастап жүйелеп, жеткіншекті кәсіп таңдау жолында жетектеу керек. Әркім қабілетіне қарай қадам басса пайдасыз дипломның соңынан жүгірмейді. Қабілет-қарымын шыңдап, дағдыларды үйренеді. Елге алдағы 6 жылда 1 млн 600 мың жұмыс күші керек. Осы ретте жұрт жаппай оқитын мамандыққа түсіп, кейін еңбек нарығында еленбей қалғаннан гөрі қажет кәсіптік-техникалық білімін көтерген абзал. «Ақ жағалы» болу басым адамның арманы. Себебі қоғамға қажетті екенін және қадірін жете түсінбейді. Университет бітіріп, диплом алуды қалайды. Әлбетте білім мұратқа жеткізеді. Бірақ қабілет-қарым одан да маңызды. Ал жоғары оқу орындары ұдайы жоғары мансапқа бастай ма? Күрмеулі мәселе, күрделі сұрақ. Егер оқыған мамандық нарықта сұранысқа сай болмаса, алған білімнің парқы бар ма? Қоғамдық белсенді Нүркен Халықберген осыны саралап көрді. Нүркен Халықберген, қоғамдық белсенді: – 100 мыңдай отбасы шығынды есептемей тек инерциямен жоғары оқу орындарын таңдайды. Оқу ақысы жылына 1 млн теңге. Бірақ түлектердің 75% ғана мамандығына сай жұмыс табады. Әйтсе де салынған инвестицияны бірден өтемейді. Ал жұмысшы мамандықтар – дәнекерлеуші, краншы, дрон операторы алғашқы күннен-ақ 250 мыңнан 800 мың теңгеге дейін табыс табады.

Мемлекет гранттарға жүздеген миллиард теңге жұмсайды. Студенттер салық төлемейді, көбісі кетіп те қалады. Дамыған елдерде дипломға емес, дағдыларға бәс тігіп жатыр. Қысқасы университет бәріне керек емес. Егер жеткіншек ғылымға немесе IT-ге әуестенбесе, ұмтылмаса, онда колледж бен тәжірибе дұрыс. 

Жаңылмай таңдау – кәсіптік бағдарға байланысты. Бұл енді мектептердің міндеті. Баланың бойындағы дағдылар айқындалса болашақ даңғыл жолы да ашыла түседі. Мәселен, Германияда оқушылар жұмасына 2 рет әр мамандықпен машықтанады. Сөйтіп, ебі бар, қабілетіне сай, қызыққан кәсібіне баулиды. Егер мемлекет мектептерде ерте кәсіптік бағдар беруді нықтап қолға алғанда, қазір еңбек нарығында қажетті мамандар сұрағы туындамас еді, дейді сарапшылар.

Жұмысшы мамандықтар бойынша 1 мың 600 кәсіби стандарт жаңартылды. Колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп, 2 мыңнан аса білім беру бағдарламасын дайындайды. Биыл 1 қыркүйектен техникалық және кәсіптік білім алатын  бір студентке тиесілі ақша 437 мыңнан, 912 мың теңгеге өседі. Алдағы 6 жылда 1 млн 600 мың жұмыс күші керек. Санжар Тәтібеков, «Талап» коммерциялық емес АҚ басшысы: – Бірінші кезекте бұл энергетика саласы. Оған да дәнекерлеуші, металлург, кенші керек.

Қатысты жаңалықтар

Балалардың көзінше төбелескен ене мен келін ел алдында ұятқа қалды (видео)

Bastynews

«Сергек» жол полицейлерін жемқорлық табысынан айырды – Тоқаев

Bastynews

ӘДІЛ ҚОҒАМ ОРНАТУДЫ ӘР АДАМ ӨЗІНЕН БАСТАУЫ КЕРЕК

Bastynews