Басты жаңалықтар Қоғам

УНИВЕРСИТЕТ МАҚТАНЫШЫ — ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ

Орталық Азия Инновациялық университетінің студенті Масқатұлы Бақыт әлемдік спорт аренасында еліміздің атын асқақтатып, үлкен жетістікке қол жеткізді. Ол Өзбекстан Республикасы, Ханабад қаласында өткен гір тасын көтеруден Әлем кубогы жарысында 63 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қарсыластарын артта қалдырып, Әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Бүгін университет қабырғасында осы айтулы жеңістің иегерін Бірінші проректор А.С. Ажидинов арнайы қабылдап, құрмет көрсетті. Кездесу барысында проректор студенттің жеңісі оқу орны үшін ғана емес, тұтас ел үшін мақтаныш екенін атап өтіп, спорттағы қажырлы еңбегі мен табандылығы үшін алғысын білдірді.

Масқатұлы Бақыт — оқу мен спортты қатар алып жүрген білімді әрі белсенді жас. Оның бұл жеңісі – жүйелі дайындықтың, үздіксіз жаттығудың, төзімділіктің және күш-жігердің нәтижесі. Гір спорты – үлкен күш пен шеберлікті талап ететін күрделі спорт түрлерінің бірі. Бұл спортта жоғары нәтиже көрсету үшін физикалық дайындықпен қатар, моральдық тұрғыда да мықты болу қажет. Бақыт осы талаптардың барлығына сай екенін дәлелдеп, Әлем кубогында өзінің үздік екенін көрсетті.

Жарысқа әлемнің әр түкпірінен келген үздік спортшылар қатысып, озық тәжірибелерімен бөлісті. Осындай жоғары деңгейдегі додада жеңіске жету — Масқатұлы Бақыттың кәсіби деңгейінің қаншалықты жоғары екенін және болашағынан үлкен үміт күттіретін спортшы екенін көрсетеді.

Бақыттың жаттықтырушылары мен ұстаздары да оның табандылығын, тәртіпке деген жауапкершілігін және әрқашан алға ұмтылатынын ерекше атап өтуде. Бұл жеңіс оның спорттағы алғашқы жетістігі емес.

Кездесу соңында проректор А.С. Ажидинов чемпионға алғыс хат пен естелік сыйлық табыстап, болашақ жарыстарда жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектестік білдірді. Сонымен қатар, университет басшылығы спортты дамытуға және дарынды жастарды қолдауға әрдайым дайын екенін жеткізді.

Масқатұлы Бақыт алдағы уақытта да халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысып, ел намысын абыроймен қорғауға ниетті. Ол спорт пен білімді қатар алып жүріп, жастардың дене тәрбиесі мен ұлттық рухын арттыру жолында еңбек етуді басты мақсаттарының бірі санайды.

Орталық Азия Инновациялық университетінің ұжымы чемпионды жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар мен биік белестер тілейді. Бұл жеңіс – білім мен еңбектің, рух пен намыстың ұштасқан жемісі.

Қатысты жаңалықтар

«Қазақ – кісі етін жейтін каннибал ретінде сипатталған» – депутат отандық мультфильмдердің сапасын сынға алды

Bastynews

Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады – деп хабарлады akorda.kz

bastynews

5,2 миллиард: Шымкент әуежайы сатылады

Bastynews