Ақпарат Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ 5 МЕКТЕБІ – «ҮЗДІК 100 МЕКТЕП – 2025» ТІЗІМІНДЕ

Білім сапасы мен тәрбие жүйесін үздік үйлестіріп, саналы ұрпақ тәрбиелеуде озық үлгі көрсетіп келе жатқан Шымкент қаласының 5 бірдей білім беру ұйымы республикалық «Үздік 100 мектеп – 2025» қатарына енді. Бұл – ұжым еңбегінің, ұстаздар табандылығының және жаңашыл көзқарастың шынайы нәтижесі. Аталған марапат – ел көлемінде білім саласындағы сапалы өзгерістерді жүзеге асырып келе жатқан, тәжірибе мен технологияны тиімді ұштастырған мектептерге ғана бұйыратын жоғары дәрежелі көрсеткіш. Бұл жеңіс тек атақ үшін ғана емес, ұрпақ тәрбиелеуге сіңген маңдай тер мен қажырлы еңбектің нақты дәлелі.

Шымкент қаласы атынан үздік деп танылған білім ордалары мыналар: №1 А.С. Пушкин атындағы мектеп, №9 Ө. Жолдасбеков атындағы IT-лицей, №23 З. Космодемьянская атындағы мектеп, №65 Ы. Алтынсарин атындағы мектеп және №38 Н. Оңдасынов атындағы мектеп. Бұл оқу орындары білім сапасын арттырумен қатар, оқу-тәрбие үдерісіне жаңашыл көзқараспен қарап, оқушы мен ұстаз арасындағы өзара құрмет пен сенімді негізге алған бірегей экожүйе қалыптастырған мекемелер. Олар заманауи педагогикалық әдістерді, цифрлық технологиялар мен сараланған білім беру тәсілдерін өз жұмысында тиімді пайдалана отырып, нәтижелі жетістіктерге қол жеткізуде.

Мұндай дәрежеге ие болу оңай жетістік емес. Бұл – ұжымдық жауапкершіліктің, үздіксіз ізденістің, сапалы жоспарлаудың, мектеп басшылығы мен мұғалімдердің стратегиялық ойлау қабілетінің нәтижесі.

«Үздік 100 мектеп» қатарына енген шымкенттік оқу орындарының бұл жетістігі – қала білім саласындағы ілгерілеудің, жүйелі реформалардың, қолдау мен ынталандыру шараларының нақты жемісі. Соңғы жылдары Шымкент қаласының білім басқармасы тарапынан оқыту сапасын арттыру, кадрлық әлеуетті күшейту, мектеп инфрақұрылымын жаңғырту, педагогтердің шығармашылығын ынталандыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. Осы орайда үздік деп танылған мектептердің тізімге енуі – жалпы қалалық білім беру жүйесінің сапалы даму жолында екенін дәлелдейді.

Бүгінгі жетістік – ертеңгі үлкен мүмкіндіктердің бастауы. Алдағы уақытта бұл мектептер өз тәжірибесін таратып, басқа білім беру ұйымдары үшін үлгі ретінде қызмет ететіні анық. Білім мен тәрбиені, ұлттық құндылық пен заманауи талаптарды сабақтастыра отырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде осы білім ұяларының алатын орны ерекше.

Қатысты жаңалықтар

ФРАНЗУСКИЕ КОМПАНИИ ВЫРАЗИЛИ ЗАИНТЕРЕСОВАННОСТЬ В СОВМЕСТНЫХ ИНВЕСТПРОЕКТАХ В ШЫМКЕНТЕ

bastynews

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

Bastynews

Ынтымақ – ырыс қайнары

Bastynews