Ақпарат Қоғам

СОЗАҚ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАР ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША КӘСІБИ КЕҢЕС АЛДЫ

Бүгінгі қоғамда құқықтық сауатты, қаржыны дұрыс басқаратын әрі жауапкершілігі жоғары азамат тәрбиелеу – стратегиялық маңызды міндеттердің бірі. Қаржылық және құқықтық білімнің жетіспеушілігі – азаматтардың әлеуметтік-экономикалық осалдығының негізгі себептерінің бірі.

Осыған байланысты Созақ ауданында тұрғындарға арналған қаржылық сауаттылық пен құқықтық қолдауға бағытталған семинар-тренинг өтті.
Бұл іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы «Заң үстемдігі қамтамасыз етілмесе, азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмейді, ал онсыз әлеуметтік-экономикалық даму да мүмкін емес» деген тұжырымды басшылыққа ала отырып өткізілді.

Іс-шараға арнайы шақырылған мамандар – «Қарызсыз қоғам» жобасының Түркістан облысы бойынша үйлестірушісі, заңгер Жандос Әзімбай және педагог-психолог Шара Абдирахманова тұрғындарға тәжірибеге негізделген пайдалы ақпарат ұсынып, практикалық кеңес берді. Онда азаматтарға қаржылық кеңестер беруді есеп-шоттарын бұғаттан босату үшін не істеу
керек, шешудің қандай жолдары бар екендігі туралы кеңес берілді.

Жандос Әзімбай «Қаржылық сауаттылық пен құқықтық білім – әрбір азаматтың қауіпсіздігі мен әл-ауқатының кепілі. Біз азаматтарға күнделікті өмірде жиі кездесетін қаржылық және құқықтық мәселелерді шешуге көмектесуге дайынбыз», -деді.

Шара Абдирахманова «Қаржылық қиындықтар адамның психологиялық жағдайына да әсер етеді. Сондықтан қаржыны басқарумен қатар, күйзеліске ұрынбау жолдарын да үйрету маңызды», – деді.

Кездесуге қатысушылар өздерін мазалаған
сұрақтарын қойып, алаяқтық әрекеттерден қалай сақтану, несие алуда неге назар аудару керек, құқықтық көмекке қалай жүгіну керек сынды өзекті мәселелер бойынша тегін кәсіби кеңес алды.

Turkistan #AFM #Түркістан #АФМ #Туркестан #Бәйтерек

Қатысты жаңалықтар

ПОЗНАНЬ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ВОЙЦЕХ АНТКОВИАК ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ

bastynews

Алматыда жезөкшелерді сабап, тонайтын екі ер адам ұсталды

Bastynews

БАҚ ӨКІЛДЕРІ ЕҢ АЛДЫМЕН МЕМЛЕКЕТТІК МҮДДЕНІ ҚОРҒАУЫ КЕРЕК

Bastynews