Ақпарат Жаңалықтар Қоғам

КЛУБ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласындағы Достық үйінде Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай қалалық ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының кезекті отырысы өтті.

Іс-шара барысында этносаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайтуға, бейбітшілік құндылықтарын насихаттауға елеулі үлес қосып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шараға Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Әйгерім Жұмағұлова, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары – Тахирбек Нишанбаев пен Юрий Пан, сондай-ақ Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Әбдез Иманқұлов пен клуб мүшелері қатысты.

Жиын барысында БАҚ саласының өзекті мәселелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттер талқыланды. Шара соңында журналистер алғыс хаттармен марапатталып, бірлік пен бейбітшілік құндылықтарын кеңінен насихаттаудағы табысты еңбектеріне ерекше құрмет көрсетілді.

Қоғамдық келісім баспасөз қызметі

ҚХА30жыл #30летАНК #Шымкент #Shymkent

Қатысты жаңалықтар

«Болашаққа қадам» жобасы аясында Шымкент қаласында түлектермен маңызды кездесу өтті

bastynews

САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ШАРУАҚОЖАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Bastynews

🚨 Бәйдібек ауданы аумағында интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.

bastynews